Рудный қаласында скейт саябағы ашылды

31 мая 2018 - Веб-редактор
article16807.jpg

 «Горняк» қонақ үй кешенінің аумағында орын тепкен жаңа памп-трек пен скейт саябағының жалпы ауданы 800 шаршы метр. Мұнда барлық қала тұрғындары қалауы бойынша BMX маркалы велосипеді мен скейт тебе алады. Жаңа демалыс орнын ССКӨБ-тің қолдауымен алматылық «SporttechKazakhstan» шығарушы-компаниясы орнатты.

  – Бірнеше алаңшадан тұратын мұндай үлкен жобамен біз бірінші рет жұмыс жасап отырмыз, – деді компания менеджері Мағжан Қайратұлы. – Бұрын бір ғана спорт түріне арналған жеке-жеке скейт саябақшаларын Алматы мен Петропавл қалаларына орнатқан едік. Аталған жоба қолданыстағы нормалар мен талаптарға сәйкес әзірленді.

Скейт аттракциондардың негізгі бөлігі арнайы жастар мен жасөспірімдер үшін ағаштан жасалған. Олар бұл күнді ерекше ықыласпен күтті. Жас ұрпақ үшін спорттың экстремалды түрлерімен айналысу өз болмысы мен өзін-өзі танытудың бір жолы болып табылады. Бұған қоса, қанға өткен адреналин спортшылардың күш-қуатын арттыра түседі. Әрине, 12 жасқа толмаған балалардың экстемалдар топтасқан орталықта жүрмегені абзал.

Памп-трек пен скейт саябағын орнату бастамасын ССКӨБ президенті Береке Мұхаметқалиев көтерді. Өйткені жастармен кездесу барысынде бірлестік басшысына заманауи скейт саябағын салып беру туралы өтініш түскен болатын. Береке Мұхаметқалиев көмектесуге уәде бергенді. Жобаны жүзеге асыруға кәсіпорын 30 млн теңге қаржы бағыттады. Енді рудныйлық BMX рейдерлері, скейтерлер, ролик тебудің фанаттары үшін жазғы кешті қызықты өткізетін орын бар.

            Еске сала өтсек, ССКӨБ – темір кендерін өндіру және байыту бойынша Қазақстандағы жетекші кәсіпорын. Оның құрамына:  Соколов, Сарыбай, Қашар және Қоржынкөл карьерлері, «Соколовская» шахтасы, Алексеев доломит кеніші, Кен дайындау және байыту, шекемтастарды өндіру фабрикалары, кен-теміржол және автомобиль көлігінің басқармалары, жылу электр орталығы, технологиялық жабдықтарды жөндеу басқармасы және басқа бөлімшелер мен цехтар кіреді. 

            Өндіріс қызметінің негізгі бағыттары: темір кендерін, доломитті, әктастарды, құрылыс қиыршықтастарын өндіру және өңдеу болып табылады. ССКӨБ-тің негізгі өнімі – қождандырылмаған темір кен шекемтастары мен темір кенді концентрат. Шикі кенді өндіру және өңдеудің  жарты жылдық өнімділігі– 40 млн тонна.

            Ал Eurasian Resources Group (ERG) – кәсіпорындары қазып шығару, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды өңдейтін әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады.

Төрт құрлықта орналасқан 14 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары мен бизнесті дамыту жобалары жұмыс істеуде. Компания өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі. 2014 жылы Eurasian Resources Group 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Басқарушы компанияның бас кеңсесі Люксембургте орналасқан.

            Бүгінде ERG феррохром өндіру жөнінен және темір кенін жеткізуші әлемдік деңгейдегі ірі компанияға айналды. Еуразиялық Топ сондай-ақ, дүние жүзіндегі алюминий шикізатын өндіруші компаниялардың ондығына кіреді және мыс пен кобальтты жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Казхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), «Шұбаркөл Көмір» және «ТрансКом» Көліктік тобы. Қазақстандағы ERG кәсіпорындарында 61 мың адам жұмыс істейді.

Конго Демократиялық Республикасында ERG – Boss Mining, Frontier және Comide кәсіпорындарында мыс және кобальт кенін өндіріп, өңдейді. Аталған елде сондай-ақ, Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) секілді аяқталуға жақын бірнеше жобалар жүзеге асырылуда.

            ERG-дің мыс балқыту зауыты Chambishi Metals PLC – Замбиядағы жетекші кәсіпорын және әлемдегі мыс өндіретін ірі өндіріс орны. Сонымен қатар, компанияның  Африка құрлығындағы бірнеше елде, оның ішінде Оңтүстік Африка республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру бойынша жобалары бар.

Бразилияда  ERG жылына 18 млн тонна өнім беретін темір кен өндірісі – Pedra de Ferro жобасын іске асыруды жалғастыруда.

– Біз Рудный қаласын тартымды және заман талабына сай дамыта беруіміз керек, – дейді  ССКӨБ президенті Береке Мұхаметқалиев. – Скейт саябағы – біздің жастарға қажет уақыттың бренді. Біз оларды әрдайым қолдаймыз және салауатты, жан-жақты дамыған, қуатты, ой-өрісі кең жастарға ерекше сенім артамыз. Дәл осындай мамандар ССКӨБ пен ERG-дің болашағын қалыптастырады.

            Жаңа спорт құрылысы салауатты өмір салтының дамуына септігін тигізіп, қалалық алаңның сәнін кіргізіп, рудныйлықтардың ең сүйікті демалыс орындарының біріне айналмақ.

Жастарды патриоттық сезімде тәрбиелеу – ССКӨБ пен ERG компаниясы белсенді түрде қолдап келе жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты. Қуатты және жауапты адамдардың бірлігінен құралған ұлт кәсіпорын мен еліміздің өркендеуін жүзеге асыра бермек.

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев