Ораза- ізгі амалдар айы

1 июня 2018 - Веб-редактор
article16820.jpg

 

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Алтынсарин ауданында Алдиярұлы Жанұзақ атындағы мешітте ауызашар беріліп, мұсылман бауырлар қаз-қатар тізіліп, тарауық намазын оқуға асығуда.  Әсіресе, жастар қауымының ораза ұстап, ауыз бекітіп, ауызашардан қалмай,  көппен бірге мешітте айтылатын насихат, уағызды қалдырмайтындығын айта кеткен орынды. Осы аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Ерлан Айтқұлұлы, ауданымыздың зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар, ауыл тұрғындары мен облыстық мешіт атынан Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлының қатыстысумен ауызашар берiлді.

Осы күні ауызашарға келген жандар тосын сыйдың куәсі болды.     Аудандағы шаруа қожалықтарының басшылары бірігіп, аудандық мешітке су жаңа Лада-гранта көлігінің кілтін тарту етті. «Жақсының жақсылығын айт нұры тассын», демекші, бұл тосын сыйдың орны бөлек болатын. Аудан әкімінің бастауымен көпшіліктің қолдауымен аудандық мешіт үшін жасалатын игі істер мұнымен тоқтап қалмайды, алдағы уақытта қажетті құрал жабдықпен қамтамасыз етілетін болады. Мешіттің хатиб имамы Болатжан Ғалымжанұлы өз атынан және мешіт ұжымы атынан өзінің ризашығын білдіріп, сауапты айда жасалған амалдар көп болсын,- деген тілек білдірді. Айта кеткен жөн Ораза басталғалы мешітке келіп пітір садақа берушілер саны артып, мұсылман бауырлардың ұлық айдың басталған бірінші күннен бастап, ауызашар беруге, садақа таратуға деген ынтасы еселене берсін дейміз

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев