Мобильдік кеңсе қызмет көрсетуде

17 мая 2018 - Веб-редактор
article16651.jpg

 Еске сала кетейік, көшпелі кеңсе тұңғыш рет 2018 жылдың 17-ші сәуірінде Қостанай облысының Қостанай ауданы Владимиров ауылдық округына жол тартқан болатын. Осы дәстүр жалғасын тауып, жақын арада Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылында болып қайтты.

            2018 жылдың 5-ші мамырындағы жағдай бойынша «Мобильдік кеңсе» жобасы аясында Атырау облысында алты рет, Қостанай облысында төрт рет және Алматы облысында екі рет көшпелі шара өткізді. Бұл ретте 992 азаматқа зейнетақы қызметтері көрсетілді. Сонымен қатар, қор қызметкерлері ҚР зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша 520-дан астам адамға ақыл-кеңес берген.

            «БЖЗҚ» АҚ өзінің 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында салымшыларға көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, оларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.

            Қордың басты міндеттерінің бірі – зейнетақы қызметтерін алуды қамтамасыз ету үшін ҚР азаматтарына, сондай-ақ ҚР-да тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға барлық қажетті жағдайларды жасауға ұмтылу.

            Осылайша, 2018 жылдың екінші жартысында «Мобильдік кеңсе» жобасы іске қосылады. Ондағы мақсат – шалғайда орналасқан елді мекендерде, сондай-ақ Қордың бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

            Айта кетелік, Қор қазірдің өзінде тұрғындарға көшпелі қызмет көрсетіп жатыр. Егер салымшы қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді. 2017 жылы 7 094 көшпелі шара өткізіліп, 189,5 мыңнан астам операция жүзеге асырылды. 2018 жылдың қаңтар және ақпан айларында мбильдік топтар 1 285 рет сапарға шығып, 30 мыңнан астам операцияны жүзеге асырды.

            Егер қазір мобильдік агенттер салымшыларға портативтік компьютер және тиісті құжаттар бумасын алып баратын болса, «Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникалармен және жерсеріктік байланыспен жабдықталады.

            Бұл ретте жүріп-тұру үшін ГАЗельNEXT базасында жасалған, жерсеріктік жабдықтары бар, заманауи жоғары технологиялық шағын автобус пайдаланылады. Оның жұмыс бөлігі операторларға арналған автоматтандырылған екі жұмыс орнымен және азаматтарға арналған екі орнымен жарақтандырылған. Қосымша ретінде кезек күтушілер үшін үш кісілік орындық қарастырылған. Бұл шағын автобус барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы болады. Осы қанатқақты жоба аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынған. Мысалға, Қостанайда облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елді мекендердің көптігі әсер еткен. Ал Алматы облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен елді мекендерінің көптігі мен халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленген. Атырау жергілікті тұрғындардың көпшілігінің мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтіндігіне байланысты іске қосылыпты. Аталмыш компаниялар елді-мекендерден жырақта орналасқан.

            «Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіліп, салымшылар мен алушылар оның келу уақытынан алдын ала хабардар болып отырады.

            Қанатқақты жобалар шеңберінде атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан шағын ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдап отырады.     Есепті кезеңде тұрғындар тарапынан ең сұранысқа ие болған қызметтерді атап айтар болсақ, олар: жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде жаңа редакциядағы өтінішті беру, ЖЗШ-дан үзінді-көшірме беру, және деректемелерді өзгерту немесе толықтыру жөнінде өтініш қабылдау. Айта кетейік, электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті бар болса немесе Жеке кабинет қолжетімді болған жағдайда жоғарыда аталған операцияларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында онлайн тәртібінде жүзеге асыруға болады. Бұл сынақ жоба шалғай елді-мекендер, сондай-ақ қор бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған болатын. Осы мақсатқа қолжеткізу үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға және шараларды жүзеге асыру жоспарына қол қойылды. Осы құжаттар аясында қазақстандық ұлттық пошта желісі операторының бөлімшелері арқылы қор бөлімшелері жоқ шалғай аудандарда зейнетақы қызметтері көрсетіледі.

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев