Мектеп түлектерінің форумы

17 мая 2018 - Веб-редактор

 Форумға аудан әкімі Ш.Оспанов, мектеп директорлары, ардагер ұстаздар, аудан мектептерінің биылғы бітіретін түлектері, жоғарғы оқу орындарынан және арнайы кәсіптік білім беретін колледждердің оқытушылары, көршілес Амангелді ауданының ұстаздары қатысты.

Аудан басшысы Шота Сәбитбекұлы ұстаздар мен оқушыларды алғашқы форумның ашылу салтанатымен құттықтап, тілегін арнады. Болашақ мамандық иелерінің әрбір басқан қадамына сәттілік тіледі. Алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуде 11 жыл бойы жиған білімдерін мақсатты түрде іске асырып, жоғары балл алып, аудандағы білім саласының көрсеткіш пайызын арттырып, биік жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Наурызбай Балтабайұлы заманауи білім сапасын арттыру жолындағы жоспарлы жұмыстарын баяндады. Елбасының “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауындағы білім саласын жетілдіру жөніндегі басымдыққа ерекше тоқталды. Заман талабына сай аудан мектептерінде жаңа технологияларды пайдалану үрдісі қолданысқа енгізіліп, бүгінгі күні мектеп оқушылары жетік меңгеріп жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар білім беру бөлімінің алғыс хаттарымен кеш қонақтарын және ұстаздар мен оқушыларды марапаттады.

Ардагер ұстаз Асылтас Жәкішқызы, ата – аналар атынан сөз алған Бейбіт Әбдірахманұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ләззат Зейнекина, жеке кәсіпкер Талғат Әмірхамзин, Арқалық қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Амангелді Ахметжанов мамандық қалай таңдау жөніндегі ойларын ортаға салып, көпшілікпен бөлісті. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика және филология факультетінің деканы Айбек Қалиев мамандық таңдаған уақытта бір жапырақ диплом үшін емес алдағы өміріңнің жарқын белестері үшін дұрыс маман иесі болу керектігін алға тартты. Аудан мектептерінде тапшы мамандықтар Арқалық қаласындағы жоғары оқу орнында оқытылатындығын айтып, биылғы мектеп бітіруші түлектерді оқуға шақырды. Облыстық, республикалық Абай – Шәкәрім оқуларының бірнеше дүркін жеңімпазы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ақерке Жанмұрат біліммен - мансап құмар байлықтың ара жігін ажырата отырып, білімді адамдар ғана біттеген мақсатқа жететіндігін ақыл – парасаттылығымен жеткізді. Форум жұмысы аяқталғаннан кейін Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары мерекелік концерттерін тарту етті. Сондай – ақ, өнер мектебінің намысын қорғап, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған оқушыларға «Алғыс хат» табысталды. Білім ордасының қара шаңырағына айналған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде жоғары оқу орындарынан келген мамандар «Шебер сынып» сағатын өткізіп, оқушыларға дәріс берді.

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев