ХАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ АРТПАҚ

1 июня 2018 - Веб-редактор

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіндегі басым бағыттардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халық арасында электрондық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өздігімен пайдалана білуге үйрету және кеңінен насихаттау.

Бағдарламаны жүзеге асыру бағытында «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» курсы бойынша оқу бағдарламасы әзірленген болатын. Жалпы осы жоба аясында «Азаматтарға арналған үкімет» сегіз млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен мемкорпорацияның екі жылдық қызметін қорытындылауға арналған жиында мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов хабарлады.

А.Оспанов атап өткендей, үстіміздегі жылдың маусым-тамыз айларында «ҰАТ» АҚ, «Қазпошта», «Зерде» және жергілікті атқарушы органдардармен бірлесе отырып шамамен жарты миллион адамның цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарлануда. Осы мақсатта Қазақстан бойынша 880 жаттықтырушыны арнайы дайындықтан өткізіп, сертификаттар табысталды. Аталмыш оқыту курстары қала, аудан, ауыл халқына бірдей қолжетімді болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік корпорацияның әрбір фронт-офисі өзіне-өзі қызмет көрсету «Connection Point» секторымен жабдықталған, ол жерде «электрондық үкімет» порталы және басқа да мемлекеттік ресурстарға  шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген 2 628 жұмыс орындары ұйымдастырылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында азаматтар өз бетінше ЭЦҚ алуға өтінім беруге, сондай-ақ 700-ден астам электрондық қызмет пен сервистер алуға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері  «Connection Point» арқылы 4,5 млн.-нан аса кеңес беріліп, төрт млн қазақстандық өздігімен қызмет алған.

– Сонымен қатар биыл еліміздің барлық облыс орталықтарында Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын іске қосуды жоспарлап отырмыз, –деді А.Оспанов. – Қазір жоба пилотты негізде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тиімді жұмыс жасауда. Мұндай орталықтардың ерекшелігі – белгіленген кестеге сәйкес цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыру бойынша тақырыптық дәрістер өткізетін сыныптарының болуы. 2018 жылдың төрт айында аталмыш сыныптарда 3,6 мың адам білімін жетілдірді.

 

Сонымен қатар адам көп шоғырланатын орындарда (сауда орындарында, вокзалдарда, әуежайларда, соттарда және т.б.) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тұрақты негізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кең ауқымды акциялар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

Айта кетейік, жыл басынан бері мемлекеттік және жеке оқу орындарында (ЖОО, колледждерде және т.б.) 10 мыңнан аса студент цифрлық қызметттер алу бойынша дағдыларын машықтандырды.

 

БОТА ТҰЯҚҚЫЗЫ

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев