Аймақтық жәрмеңке болды

24 мая 2018 - Веб-редактор
article16740.jpg

 Бұл жылы жәрмеңке жетінші рет өткізіліп отыр. Жәрмеңкенің мақсаты – қауымдастық әлеуметтің назарын аймақтың  маңызды әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтық бастамаларды ынталандыру және қолдауға, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытуға және нығайтуға көмек көрсетуге қалыптастыру. Жәрмеңкенің мағыналы іс-шарасы ретінде шағын-гранттардың байқауы өтіп, ол оммерциялық емес ұйымдардың және бастамашыл топтардың әлеуметтік жобаларының презентациясына және ең үздік жобалар мен идеяларды іске асыруға тәжірибелік көмек көрсетуге бағытталған. Байқау келесі жүйе бойынша өткізілді. Жәрмеңкенің ұйымдастырушылары мәселені негіздеумен, өзектілікті белгілеумен, бюджетті көрсетумен және оны шешу жолдарын ұсынумен жобалардың жинауын жүзеге асырады. Жәрмеңкеде жоба әділ қазылар алқасының алдында қорғалады, содан кейін комиссия байқаудың әрбір номинациясы бойынша ең жақсы жобаларды анықтайды және оны іске асыру үшін грант қорының сомасын үйлестіреді. Жәрмеңкенің қатысушыларына құттықтау сөзімен Денисовауданы әкімінің атынан Нұр Отан партиясы аудан филиалының төрағасы А.Биктимисова сөйледі. Айгүл Ергуатқызы мемлекет диалогтың, жұмыс байланыстардың дамуына және «Мемлекет-ҮЕҰ-Бизнес» үш жақты әріптестікте қоғам институттарының тең құқылы әріптестікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлеуге маңыз беретінін атап өтті.

Тапсырыс беруші – «Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы» ММ атынан  ҮЕҰ өзара әрекеттестік бөлімінің бас маманы Ботагөз Бекбаеваның құттықтау сөзімен сөйледі. Ботагөз Дмитриевна мемлекет үш жақты серіктестіктің маңыздылығын ескере отырып, жергілікті кәсіпкерлік жүйе негізінде ҮЕҰ қолдау көрсетуге жағдай жасайды.

Ауыл аумақтарының әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешу үшін әріптестіктің бар әлеуетін белгіледі. Жергілікті ҮКҚ әріптестікте кәсіпкерлік өзінің әлеуметтік күшін нығайта алады. Жәрмеңкеге қатысуға жергілікті кәсіпкерлікқоғамдастықтардың өкілдері шақырылды, бірақ шақырылғандардың кейбіреуі маусымдық жұмыстарға байланысты қатыса алмады.

Шағын-гранттар конкурсының қорытындысын жасау барысында қатысушылар ҮКҰ тұрақтылығы бойынша шеберлік-кластарға қатысты. Тұрақтылықтың маңызды шарты ретінде Үкіметтік емес коммерциялық ұйымның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста, мемлекеттік гранттар  конкурсына және мемлекеттік сыйлық конкурсына қатысуы болды. Облыстық ҮЕҰ АО бапкері Кенжегүл Алтынбаевамен Дүниежүзілік банктің және ҚР ББМ «Zhas Prozhect» жобасының гранттік бағдарламасы және АРГО «Инновация үшін серіктестік –P41» гранттік бағдарламасы анонсталды. ҮКҰ тұрақтылығының маңызды факторы ретінде ҮЕҰ жергілікті қоғамдастықпен серіктестігі және өзінің мақсаттық тобы алдында ҮЕҰ есептілігі, сектор ішіндегі және сектор арасындағы әріпестік болады.

Әлеуметтік жобалар конкурсының қорытындысын жасай отырып, сараптама комиссиясының мүшелері жәрмеңкенің барлық қатысушыларына ынталылық және өздерінің жергілікті мәселелерге құмарлық үшін өз алғысын білдіріп, сондай-ақ кейбір жобалар бұл жолы қаражаттық қолдаусыз қалғаны үшін кешірім сұрады. Сонымен, грант қоры – 750 мың теңге соманы сарапшылар келесі түрде үйлестірді:

«Бүгінгі бақытты балалық шақ – ертеңгі қуатты Қазақстан» номинациясы: Забеловка ауылының бастамашыл тобы, жобаның аты «Балалардың ойың алаңы» – 150 мың теңге, ал «Жергілікті өзін өзі басқару және жергілікті қоғамдастық» номинациясы – Комарово ауылы ұстаздардың бастамашыл тобы, жобаның аты «Мектеп мұражайы» – 100 мың теңге, «Шексіз әлем» номинациясы – Денисов ауданы мүгедектерінің «Умай» ҚБ бастамашыл тобы, «Қолжетімді кеңсе» жобасы 120 мың теңге, соның ішінде 20 мың теңгесі «Атамекен» ҮЕҰ аудан филиалының атынан жергілікті бизнес және Приреченка ауылы Бастамашыл тобының «Ескерткіштер, олардың құндылығы» жобасы – 50 мың теңге. «Еңбек қоғамды дамыту негіздері» номинациясы, Асенкритов ауылдық округы экоотряды «Жастар саябағы» жобасы – 150 мың теңге. «Адами капитал – жаңғырту негізі» номинациясы, «Ронин» БЖСК бастамашыл тобының «Арманға жол жеңу» жобасы – 150 мың теңге және «Уркаш-Байсары» ҚҚ «Ғасыр тарихына саяхат» жобасы – 50 мың теңге.

Бизнес-қоғамдастықпен келесі жобалар қолданды: «Бүгінгі бақытты балалық шақ – ертеңгі қуатты Қазақстан» номинациясы: «Жастар» ИГ жобаның аты «Ауылдағы спорт» – «DNK-TV» ЖШС, 150 мың теңге. «Бүгінгі бақытты балалық шақ – ертеңгі қуатты Қазақстан» номинациясы: «Арман» БЖО» ҚБ жобаның аты «Шатырлы лагерь» – «Караван» дүкені ЖК, 150 мың теңге. «Полиметалл Евразия» ЖШС тұрақты дамудың ең жоғары стандарттарын қолдайтынын және өзінің қатысатын аймақтардағы жергілікті қоғамдастықтармен өзара әрекетестікке ерекше назарын ескере отырып, Сараптама комиссиясы бизнес-серіктескке

«Үміт-2050» ҚҚ «Туристік слет» жобасын және «Бастамашыл аула» ИГ «Біздің қала – біздің ел» жобасын іске асыруда демеушілік қолдауды көрсету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Іс-шараның қорытынды бөлігінде қатысушыларға Жәрмеңке туралы өз пікірлерін айтуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, аталған іс-шараларға жергілікті кәсіпкерлікті қатыстыру ұсынысы жасалды. Өйткені, олардың арасыда қоғаммен серіктестікте одан да жақсы іске асыра алатын, тұрақты даму идеяның қолдаушылары көп.

Жәрмеңкенің жұмысына жергілікті және халықаралық БАҚ өкілдері қатысты. Жәрмеңкенің барлық қатысушылары ыстық тамақтанумен қамтамасыз етілді, бөтен қаладан келгендер жол шығындарының орны толтырылды. Кері байланыс сұрақтаманың және табыс тарихының талдауы, Жәрмеңкенің барлық қатысушылары іс-шарамен қанағаттандырылғанын куәландырады.Ұйымдастырушылар әлеуметтік әріптестер – Денисов ауданы әкімдігіне көрсетілген ұйымдастырушылық-техникалық, ақпараттық қолдауы үшін алғысын білдірді.

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев