«Жаңғырған өлкем жасампаз Торғай»

18 июня 2018 - Веб-редактор
article16931.jpg

 Қазақстандық қоғамның барлық саласының дамуын қамтыған мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына жыл толды. Бағдарлама аясында аталмыш мәдениет үйі «Қостанай облысы ОКЖ кітапханалар күні» жобасын жариялаған болатын.

Оның мақсаты – кітапханашылардың жұмыс тәжірибесімен танысу, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларындағы жұмыстың инновациялық түрлерін анықтау, кітапхана мен кітап оқудың рөлін арттыру.

Қ.Жармағамбетов атындағы Жангелді ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Қабдуалиеваны сөзге тартқанымызда ол: «Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық кодымызды өркендетуіміз керек деп айтып кетті. Осы маңызды құжаттың арқасында өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды десек артық емес. Жоғымызды тауып, төрт құбыламызды түгендеуге күш салдық. Біз осы уақытқа дейін өзіміздің құндылықтарымызды жоғалтқан жоқпыз. Киелі Торғай жері батырлардың, ақынжыраулардың, көсемдер мен шешендердің ордасы екені баршаға мәлім. Шалғай жерде жатсақ да мәдениетімізді баршаға танытуға қолдау көрсеткен ауданымыздың әкімі мен осы облыстық кітапхананың директорына рахметіміз айтамыз» деді.

Жангелді ауданынан келген кітапханашылар «Торғайдағы зұлмат жылдар» әдеби сұхбаты, «Жеңісті жақындатқан Торғайлықтар» библиографиялық галереясы, АОК библиографы, «Әнім сенсің тың далам» әдеби композициясы, «Торғайдың топжарғаны Нұрхан ақын» әдеби қонақжайы, «Талантты талайды тәнті еткен» әдеби кеші, аудандық балалар кітапханасының «Шеберлікке шындар жол» клуб жұмысымен танысу, «Астанам! Ару қалам, асқақ ордам» көрме-викторинасын көрсетіп, жинағандарды тәнті етті.

Біз осында оқушылардң өз қолдарымен жасаған түрлі қуыршақтарын, суреттерін, көрпе-жастықтарын тамашаладық. Осы орайда бұл көрмені ұйымдастырып, алып келген Жангелді аудандық балалар кітапханасының қызметкері Сәуле Омаровамен тілдескен едік. Ол бізге өз сөзінде:

– Мекемемізде «Шебер қолдар» үйірмесі қызмет атқарады, – дейді ол. – Біз жылдың басында арнайы жоспар құрып, түрлі байқаулар ұйымдастырамыз. Оның мақсаты – балаларға халқымыздың қолөнері жайлы түсінік беру, еңбекке қызығушылығын арттыру. Мұнда балдырғандарды шығармашылыққа тарта отырып, он саусағынан өнер тамған өнерпаздардың шеберлігін шыңдаймыз.

Бүгінде үйірме 20 баланы қамтып отыр. Шәкірттер жұмсақ бейне ойыншықтарды жасауды, қағаз, мата және былғарымен жұмыс, ою-өрнектің үлгілерін жасаумен, су моншақпен кестелеуді және тоқуды үйренеді. Олар бұның барлығын кіапханашының қадағалауымен толықтай өздері жасап шығады. Осы орайда баланы еңбекке неғұрлым жастайынан тәрбиелеу, оның бойында еңбек тәрбиесінің дұрыс қалыптасатынын айтып өткен жөн.

 Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев