Өңірдегі киелі орындарға саяхат жүргізілуде

17 октября 2017 - Администратор
article15138.jpg

 

Жуырда Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Тобыл-Торғай мұрасы» жобасы қолға алынған болатын. Осыған байланысты БАҚ-на пресс-тур ұйымдастырылу да жоспарланған. Таяуда, соның алғашқы үшкүндігінде журналистер Аманкелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы бірнеше киелі орындарды аралап, танысып қайтты.

 

 

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттап, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауды мақсат тұтқан бастама жөнінде жиын да өткізілген болатын. Осыған байланысты журналистер аттанған тарих тұнған Торғайда Торғай геоглифтері, Түркібай әулие бейіті, Қоянақ әулие кесенесі, Баймырза әулие Мергенұлының кесенесі, Міржақып Дулатов кесенесі, Қазыбай әулие кесенесі, Нұрхан Ахметбеков бейіті, Ахмет Байтұрсынов туыстарының бейіті, Тілеп Аспантайұлының бейіті, «Татыр шайқасы» ескерткіші сынды өзге де қасиетті орындардың тарихына терең үңіліп, бұл орынның маңыздылығы туралы ақпараттармен қанықты. «Ұлы дала қазынасы» атты пресс-турда облыстағы 20 шақты киелі орындарға саяхат жүргізілетін болады.

 



Ақбота САҚҰЛОВА

Суреттерді түсірген автор

Жалғасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар

comments powered by HyperComments

Видео

 

 

Комментарии