Өңірдегі киелі орындарға саяхат жүргізілуде

19 октября 2017 - Администратор
article15149.jpg

Жуырда Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Тобыл-Торғай мұрасы» жобасы қолға алынған болатын. Осыған байланысты БАҚ-на пресс-тур ұйымдастырылу да жоспарланған. Таяуда, соның алғашқы үшкүндігінде журналистер Аманкелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы бірнеше киелі орындарды аралап, танысып қайтты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттап, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауды мақсат тұтқан бастама жөнінде жиын да өткізілген болатын. Осыған байланысты журналистер аттанған тарих тұнған Торғайда Торғай геоглифтері, Түркебай әулие бейіті, Қоянақ әулие кесенесі, Баймырза әулие Мергенұлының кесенесі, Міржақып Дулатов кесенесі, Қазыбай әулие кесенесі, Нұрхан Ахметбеков бейіті, Ахмет Байтұрсынов туыстарының бейіті, Тілеп Аспантайұлының бейіті, «Татыр шайқасы» ескерткіші сынды өзге де қасиетті орындардың тарихына терең үңіліп, бұл орынның маңыздылығы туралы ақпараттармен қанықты. «Ұлы дала қазынасы» атты пресс-турда облыстағы 20 шақты киелі орындарға саяхат жүргізілетін болады
 


Жол бойында алғашқы тоқтаған орын Әулие Түркібай ата бейіті болды. Науырзым аудан орталығы Қарамеңдіден Өлеңді ауылына қарай жол бойында орналасқан бейіт 19-шы ғасырда құрылған. Жергілікті халықтың айтуынша ол 19-шы ғасырдың басында өмір сүрген және емші ретінде атағы шыққан адам. Жан тәсілім қылар алдында Түркебай ата өзінің күші тағы да 200 жыл сақталады деп айтқан екен. Мұнда келген әр адам өзінің дініне қарамастан жолдағы таңбаға немесе әулиенің бейітіне тас қойып, одан көмек сұрайтын болған. Бұл дәстүр бүгінге дейін жалғасын тапқандығына көзіміз жетті. Жолшыбай өтіп бара жатқан жолаушылар әуленің басына құран бағыштап, тілек тілеп, одағы қойылған кішкене тастарға ақша тастап кетеді. Аудан ақсақалдарының сөзінше Түркебай әулие өзіне мазар тұрғызуды қажет етпей, сол көмілген топырақ үйіндісінің ғана болуын талап етіп кеткен екен.
 


Келесі тоқтаған киелі орын 18-ші ғасырда құрылған Қоянақ әулие кесенесі. Ол Науырзым ауданы, Шилі және Шолақсай ауылынан 18 шақырым қашықтықта, Қарасу және Қопа елді-мекендерінің арасында орналасқан. Қоянақ әулие бейіті шипалы күші бар киелі жер деп есептеледі, мұнда келген сырқат адамдардың жазылып кеткендігі туралы халық арасында көптеген оқиғалар тараған. Әулие Құрай тайпасының Уақ руынан шыққан. Әкесі Жолшара мен атасы Тастемір өз уақыттарында әулие адамдар болған және тағдаршешті оқиғаларды жорыған. Осы қабілет әкесінен Қоянақ әулиеге дарыған. Ол кісі жерленген жер тұрғылықты халықты қорғап, молшылық әкеледі деп есептелінеді. Мұнда келетін адамдардың көбісі кесенеде жазылған дұғаның арқасында сырқаттары мен қиындықтарынан арылып, береке әкеледі деп сенеді. Бұл үйде бір түнеп шыққаннан кейін жаман кеселден біржолата айығуға болады деген сенім бар.

Құтан әулие кесенесі Амангелді ауданы, Амантоғай селосының жанында 19-шы ғасырда құрылған. Құтан әулие Аталықұлы найман руынан шыққан, халық оны ерекше қасиетке ие адам, яғни «әулие» деп атаған. Ол өзінің даналығы, ақылы мен көрегенділігімен ерекшелене білген. Халықтың оны Абылай хан кеңесінің мүшесі деп атауы да кездейсоқ емес. Қайтыс болғанына екі жүз отыз жылдан астам уақыт өтсе де адамдар оның тылсым күшіне әлі күнге дейін сенеді. Бейіт жанынан салынған кішкене үйге жолаушылар түнеп, жатқан жеріне сыйынған. 

Торғай маңындағы тағы да бір тарихи сыр жатқан орын – Торғай геоглифтері. Үштоғай шаршысы, Торғай свастикасы, Шиелі шаршысы атты атауларға ие ол 2007 жылы анықталған. Ол зерттеу барысында Арқалық қаласы әкімдігіне қарасты аумақтар табылған. Мұндағы геоглиф сөзі – бейнелі айшықтар салынған жерлерді белгілеу үшін кеңінен қолданылады. Көптеген геоглифтердің көлемі соншалықты үлкен болғандықтан, оны жоғарыдан ғана анық көруге болады. 2007 жылы Дмитрий Дэй Google Earth бағдарламасы арқылы Қостанай облысының Торғай жерін зерттей отырып, қазақ жерінде де құпияға толы геоглифтер барын анықтаған. Бірнеше әдіспен салынған бұл суреттер еліміздің солтүстігіндегі Торғай даласында шоғырланған екен. Геоглифтерді археологиялық экспедиция зерттеген. Оның құрамында Қостанай мен Вильнюстің ғалымдары болған. Олар қазба жұмыстарын жүргізіп, нақты аэрофототүсірілім жасаған. Солардың ішінде, «Үштоғай шаршысы» мен «Торғай свастикасы» сынды бейнелер ауқымы жағынан ең үлкендері болып табылады, және олар космостан да көрініп тұрады. Атлантида уақытында салынған бұл нысандар Трояны табумен пара-пар. 
 


Бүгінгі күні Үштоғай шаршысы, Торғай свастикасы, Екідін крест, Ащытасты кресі (екі фигура) шаршы, шығыршық және екі сызықтан тұратын тоғыз нысан анықталған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті археологтарының ұйғарымы бойынша фигуралардың шамамен алғандағы жасы– екі мыңнан 10 мың жылға дейін барады. 
 

Тағы да бір Торғай даласындағы киелі орын 19 ғасырда орнатылған Баймырза әулие Мергенұлының кесенесі (үшінші суретте). Жангелдин ауданы, Шұбалаң ауылының маңында орналасқан. Баймырза әулие Мергенұлы 1741-1829 жылдар аралығында өмір сүрген атақты батыр. Сырқат адамдарды табиғат берген сауықтыруға сендіру және жору қасиеттің арқасында көзі тірі кезінде халық «әулие адам» деп атап кеткен. Ол жоңғар шапқыншыларына қарсы күресті басқарған және Е.Пугачев көтерілісін қолдап, патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күрескен. Батыр қайтыс болғаннан кейін Баймырза әулие бейітіне салынған кесене Торғай өңірінің тұрғындары сыйынатын орынға айналған. Оның кесенесі бірнеше ғасыр ішінде «әулие мазар» болып табылады. Ауырып келген адам мазардың іргетасына түнегеннен кейін өз отбасына науқасынан құлан таза айығып оралатын болған. Ұлы тұлғаның әулиелігі өңірдің көптеген адамдарына әлі күнге дейін өз көмегін тигізіп келеді. 

Келесі аялдаған киелі орын «Татыр шайқасы» ескертшісі. Жангелдин ауданы, Арқалық-Торғай тасжолы бойын, Тәуіш ауылынан үш шақырым жерде орналасқан (бесінші суретте). Ескерткіштегі «1916»деген сан анық көрінеді. Бұл Татыр көлінің жағасында болған шайқастың датасы. Елде тараған әңгімелер бойынша бұл шайқаста Амангелді Иманов өзінің қолбасшылық талантымен көзге түскен деп айтылған. Ал ауыл тұрғындары мен көзі қарақты қариялардың сөзінше, бұл шайқасқа Амангелді Иманов қатыспаған. Кішкене көлдің қамыс өскен жағалауы көтеріліске шыққан қазақтардың жазалаушыға қапыда соққы жасауына мүмкіндік берген. Мұндағы қазақтар үшін жеңістің мәні зор болған. Оның маңыздылығы адамгершілік-психологиялық, әлеуметтік-саяси аспектілер тұрғысында жоғары бағаға ие. Сол уақытта көтерліске шығушы қазақтардың қолдарында қарулары болмай, тұрмыстағы күрек, айыр сияқты заттармен жаудың алдына шыққандығы халық арасында күні бүгінге дейін тараған. Татыр көлінде болған шайқастың сәтті өтуі ел арасындағы өзіндік сана-сезімнің оянуына және Қазақстанның барлық аумағын қамтыған ұлт-азаттық қозғалыстың өсуіне мүмкіндік берген деседі.


Кезінде халықтың аузында оның әулиелігі жөнінде көптеген аңыздар тараған. Ол – 1757-1820 жылдар аралығында өмір сүрген Тілеп Аспантайұлы. Оның бейіті Жангелдин ауданы, Қарасу селосының жанында орналасқан. Тілеп Аспантайұлы 13 жасынан бастап қобызда ойнай бастаған. Қазақтың музыка өнеріне өзінің зор үлес қосқан. Бүгінгі күнге дейін 3 күйі сақталған. Олар музыкалық мұраның алтын қорына енген. Ел арасында Тілеп Аспантайұлы халық емшісі, көрікпел ретінде де танымал. Адамдарды емдеген киелі қара қобызы әлі күнге дейін сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Бүгінге дейін ауру және баласы жоқ адамдар бейіттің басына қонып, одан көмек сұрайды.

Пресс-тур барысында Жангелдин ауданы, А.Байтұрсыновтың туған жері Ақкөл ауылына бардық. Онда А.Байтұрсынов туыстарының бейіті орналасқан. Ахмет Байтұрсынов отандық тарихта өзінің жарқын бейнесін қалдырды. Ол өз уақытының аса сауатты адамдарының қатарына кірген. Ол «Алаш орда» саяси қозғалысының жетекшісі ретінде аса жоғары беделге ие болған. Сталин лагеріне жіберілетіннен бұрын ол өзіне жақын, қымбат адамдардың жерленген жерлерін аралаған. Бірқатар уақыт өткеннен кейін ағартушы «Алаш» партиясының басқа лидерлері сияқты репрессияға ұшырайды. 1937 жылы атылады. Жангелдин ауданы, Ақкөл селосының жанында көрнекті қоғам қайраткерінің әкесі Байтұрсын мен екі ағасы Қали мен Машен жерленген. 


1967 жылы құрылған тағы бір киелі орын Нұрхан Ахметбеков бейітіне тиесіл. Торғай кентінің солтүстік-шығысында орналасқан. Нұрхан Ахметбеков 1903 жылы Жаркешу ауылында дүниеге келіп, 1964 жылы 16-шы қазанда Торғай селосында қайтыс болған. Ол ел арасында қазақ композиторы, әнші, домбырашы, Қазақ КСРО Халық ақыны ретінде танымал. Ол көптеген облыстық және республикалық айтыстарға қатысқан. «Үрпек соғысы» өлеңі кейін «Амангелді» дастанына жалғасқан. «Жасауыл қырғыны» дастаны оқырмандардың жоғары бағасына ие болып, 1951 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған. Оның атында Торғай селосында орта мектеп, аудандық мәдениет үйі және көше бар.
 
Ақбота САҚҰЛОВА,

cуреттерді түсірген автор

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев