Өнерлі палуандар жүздесті

11 мая 2018 - Веб-редактор
article16590.jpg

 Жуырда төртінші мамыр күні Қостанайда тұңғыш рет мәдениет, өнер саласында жүрген азаматтар арасында «Өнер барысы» турнирі болып өтті. Жарыс қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылып, алдағы жылдары жалғасын таппақ.

Облыстық мәдениет және спорт басқармаларының қолдауымен өткен отырған турнирге 30-дан астам әуесқой палуан тіркелген. Жарыстан түскен қаржы Торғай селосының кішкентай тұрғыны Ақерке Жексенбайға көп функциалы есту аппаратын сатып алу үшін жұмсалмақ. Сегіз жастағы қыз бала бүгінде Қостанай қаласындағы арнайы мектеп-интернатта оқиды. Мұғалімдерінің айтуынша, Ақерке өте алғыр, зерек оқушы көрінеді. Өз бетімен сөйлегісі келеді. Бірақ, есту қабілеті нашар болғандықтан, сөздерді дұрыс айта алмайды. Маңайындағылардың не деп жатқанын еріннің қимылы арқылы ажыратады. Ақеркенің отбасында өзінен бөлек бес бала бар. Үйде анасы ғана тұрақты жұмыс істейді, әкесі тек маусымдық жұмыстармен шектелуге мәжбүр. Сондықтан, олардың қымбат қондырғы сатып алатын мүмкіндіктері жоқ.

– Бұл жарысқа, былайша айтқанда Қостанайдың кілең «сал-серілері» қатысып отыр, – дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов журналистермен өткен баспасөз мәслихатында. – Олардың көбі кезінде спортпен, оның ішінде күреспен айналысқан жігіттер. Қазірдің өзінде отыз екі палуанды тізімге қосып отырмыз. Турнирді ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге тырыстық.

Өйткені, бұл жай ғана жарыс емес, қайырымдылық мақсатта өткізіліп отырған шара. Сондықтан, қолымыздан келгенше көмек қолымызды созамыз. Өнерлі азаматтардың өткізгелі отырған өнегелі турнирінен барша қостанайлықтар да бей-жай қалмайды ғой деп ойлаймын.

Айта кетейік, елге танымал жас әншілер АМРЕ (Ернар Садырбай), «МузАрт Live» жобасының жеңімпазы Серікболсын Кішкенбаевтар турнир қонағы ретінде өнер көрсетті.

Түскен қаржы Жанкелдин ауданының орталығында тұратын сегіз жасар Ақерке Жексенбайға көп функциялы есту аппаратын сатып алуға жұмсалатын болады. Сонымен, бозкілемге шыққан әуесқой палуандар түрлі салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Былайша біле бермейміз, өнерде жүрген жігіттер де кәнігі спортшылардай белдесе алады екен. Оған тұңғыш турнир барысында анық көз жеткіздік. Нағыз бүгінгінің сал-серілері арасында өткен дода болды десек те жарастындай. Екі топқа бөлініп белдескен палуандар арасында 65 келіден жоғары салмақта Талғат Әлқожа бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қаныбек Әли еншіледі. Үшінші орынға Дастан Беков жайғасты. Ал ауыр салмақта белдескен топ арасынан Ерлан Қасымов суырылып алға шығып, «Өнер барысы» белдігін жеңіп алды. Еркебұлан Құрметов тиісінше екінші орынды еншілесе, Бағдат Нұрмұхамбетов жүлде көмбесінің үшінші сатысына көтерілді.

– «Рухани жаңғыру» дегеніміз – ескерткіш орнату, иә болмаса ағаш егу емес, ол сананың жаңғыруы, – дейді турнирдің салтанатты марапаттау рәсімінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов. – Бүгінгі турнир осындай мақсатта ұйымдастырылғанын айта кету керек. Жобаны қолға алған Төленді Әлқожин тәрізді азаматтар арамызда көп болғай. Сонда ғана ұлттық өнер, ұлттық спорт дамитын болады.

Айтпақшы, «Өнер барысын» қолдауға Алматыдан Серікболсын Кішкенбаев пен Ернар Садырбай тәрізді эстраданың жұлдыздары келіп, жанкүйерлер алдында ән шырқады. Осылайша, олар да кішкентай Ақеркені қолдауға шама-шарықтарынша өз үлестерін қосты.

Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев