ҰБТ-ге 70 пайыз түлек қатысады

23 мая 2018 - Веб-редактор
article16728.jpg

 Ал Премьер-Министр Бақытжан САҒЫНТАЕВ ҰБТ әрқашан әлеуметтік жағынан өте сезімтал мәселе екенін жеткізді. Үкімет отырысында талқыланған ҰБТ-ға дайындық мәселесі туралы толығырақ Strategy2050.kz сайтынан оқи аласыздар.

Осы күнге дейін ҰБТ 15 рет өткізілген екен. Осы жылдар ішінде оған 1,5 млн мектеп түлегі қатысты. Ол барлық түлектердің 80 пайызын құрайды. Білім министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ туралы статистикаға көз жүгіртті.

Оның айтуынша, 2017 жылға дейін ҰБТ үш қызметті атқарды. 11 жылдық оқуды аяқтайтын қорытынды ретінде-бітіру емтиханы, ЖОО-ға түсу емтиханы және бітірушілерге мемлекеттік грантты тағайындау механизмі. Тестілеудің бұл форматы 2017 жылы өзгертілді. Енді қорытынды емтихандар мектеперде, ҰБТ жоғары оқу орнына түсумен грант алу үшін өткізіледі.

Мектептегі бітіру емтиханы 29 мамыр мен 19 маусым аралығында өткізіледі. Емтихан бес пән бойынша, оның ішінде төрт міндетті және бір таңдау пәнінен өткізіледі. Барлық емтихандар ауызша, жазбаша және тестілеуге бөлінген.

– Бітіру емтихандарының материалдарын Ұлттық тестілеу орталығы дайындап, арнайы желісі арқылы барлық облыстарға ағымдағы жылы 25 мамырға дейін жеткізілетін болады, – дейді Е.Сағадиев. – 2018 жылғы ҰБТ форматы өзгермеген. Былтырғы жылғы форматқа сай өткізіледі.

Оның өткізілетін мерзімі мен тест сұрақтарының саны өзгермеді. ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында 187 ҰБТ өткізу пунктінде өткізіледі. Тест сұрақтарының саны 120, максималды балл 140, шекті балл 50, Ұлттық ЖОО-ға түсу үшін 65 балл жинау керек. Пәндер бойынша тест сұрақтарының базасы қалыптасқан, олардың 50 пайызы жаңарды. Тест сұрақтары қызметтік сауаттылыққа, логикалық ойлау деңгейін анықтауға бағытталған.

Ресми мәлімет бойынша, биылғы жылы ҰБТ-ға қатысуға 102 442 мың түлек өтініш берген. Ол барлық түлектердің 70 пайызын құрайды. Оның ішінде қазақ тілінде 75 пайызы, 25 пайызы орыс тілінде тапсырады. Былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы түлек саны 10 мыңға өсіп отыр.

– ҰБТ-ға баратын балалардың саны 70 пайыз болып қалды, қазақ тілінде тапсыратындар саны бес пайызға артты, дейді министр. – Биыл оқушыларға ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша рейтинг жүргізілмейді. Әкімдердің назарына ҰБТ нәтижелері бойынша жергілікті жерлерде жазалау шараларын қабылданбау қажеттігін айтқымыз келеді. Онлайн тестілердің қызметі жақсарды.

Енді оны үйде де тапсыруға болады. Бүгінде 145 мың рет онлайн бойынша тест тапсырылды. Сондай-ақ, мектептердің сұранысы бойынша пробный тестілеу қағаз түрінде 390 мың рет алынды. Мектептер қосымша 185 мың кітапшаларды сұрап отыр. Осылайша, биыл әр оқушы орташа есеппен жеті рет байқау тестілеуінен өтеді. Министр бітірушілерге арналған жағдайды жақсарту мақсатында биыл келесі жаңалықтар енгізілетінін мәлімдеді. ҰБТ сертификатымен бірге қаймамандыққа баруға болатыны мен грант саны, өткен жылғы грант конкурсының нәтижесі мен шекті балл қосымша берілетін болады. Бұл ҰБТ-да жинаған балын ескере отырып, мамандықты дұрыс таңдау мүмкіндік береді. Оны дәлелді себеппен тапсыра алмағандарға қайтадан ҰБТ тапсыру немесе КТА тапсыру мүмкіндігі беріледі. Ерекше білім беру қажетттілігі бар балаларды жеке көмекші мен сурдоаударма маманымен қамтамасыз етілмек. ҰБТ-ға арналған Қазақстан бойынша тегін телефон соғуға болатын call орталық іске қосылады.

Сонымен қатар, министр «Алтын белгіге» ие болған түлектер білім беру грантын тағайындау кезінде тек балдары тең болған жағдайда ғана басым құқыққа ие болатынын айтты. Бұл туралы заңға Елбасы да қол қойған болатын. Оның сөзінше, биылғы жылдың тамызы мен келесі жылдың қаңтар айыларында ЖОО ақылы білім бөліміне түсу сақталған. Осы норманың нәтижесінде былтыр ол бойынша 20 мың жас оқуға түскен. ҰБТ-ға дайындық барысы кезінде шешілуі керек мәселелер бар.

«Мониторинг нәтижесі бойынша министрлік тарапынан облысәкімдеріне бірнеше техникалық құралдар, оның ішінде 4g мобильді байланыс сигналдарын басу құралдары, металл іздегіштер, онлайн өткізу камераларымен қамтамасыз ету бойынша хат жолданды. Бүгінгі мониторинг нәтижесінде өңірлердің тапсыру пункттері әлі де заманауи техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілмеген. Министр түлектердің тест тапсыру кезіндегі әлеуметтік қауіпсіздігін де қамтамасыз етуді тапсырды.

– Жергілікті атқару органдарынан бітірушілерді тасымалдау, қажет жағдайда оларды тамақтандыру мен орналастыруды қамтамасыз ету, сондайақ тестілеу кезінде оқушылар мен ата-аналар үшін ауыз су, кондиционер, медициналық, психологиялық көмек, жалпы қауіпсіздік мәселелерін ұйымдастыру бойынша міндеттер сақталады. Осыған байланысты

облыс әкімдіктерін ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу мәселесіне арнайы назар аударуын сұраймыз, – деді Е.Сағадиев.

Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев