Қазақстандықтар 2015 жылдан бастап, сот шешімдерінің орындалуын онлайн режимінде бақылай алады

8 декабря 2014 - Веб-редактор
article5467.jpg

фото СЦК

Әділет министрінің орынбасары Б. Әбдірайым журналистерге әділет органдарының жүйесінде өткен реформалары жайлы,сондай-ақ, ең алдымен қалың жұрттың сұранысына бағытталған жаңа енгізілімдер туралы айтып берді.

 

Осылайша, оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтар 2015 жылдан бастап, сот шешімдерінің орындалуын атқарушылық өндірістің тіркелуінен, оның толық аяқталуына дейін онлайн режимінде көз сала алады. Атқарушылық іс жүргізудің жаңа ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдардың 50 дерекқорларымен әрекеттесіп, сот орындаушыларына атқарушылық істерді жедел шешуге мүмкіндік береді (мүлікті тұтқындау және тұтқындалған мүлікті босату, ел аумағынан шығуына тыйым салу, бірыңғай борышкерлердің тізімі, борышкердің қолында бар мүлкін анықтау, борышкерлерге кейбір мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін шектеу).

 

Бұдан басқа, Қазақстанда жақында ғана жеке сот орындаушылары институты қалыптасып, жұмыс атқарып жатыр. Бұл бағытта лицензияланған жеке сот орындаушыларының көлемін мемлекеттік сот орындаушыларымен теңестіріп, 1 250 бірлікке дейін ұлғайту қарастырылуда. Қазіргі таңда, олардың саны 561 маманды құрайды. Бұл ретте, мемлекетпен аталмыш қызмет көрсету саласын қолдау үшін бірқатар шаралар қолға алынды. Осылайша, атқарушылық іс жүргізу заңына енгізілген толықтыруларға сәйкес, өндіріп алушы өз азаматтық құқығын іске асыру үшін, өз еркінше мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысын таңдау құқына ие болды. Сонымен қатар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға ниет білдірген азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы лицензия алу рәсімдері оңтайландырылды.

 

Сонымен бірге, Б. Әбдірайым жақында өткен Әділет министрлігіндегі Елбасының Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында кеңейтілген алқа мәжілісі туралы баяндап өтті. Биылғы Жолдаудың негізгі қағидаларын ескере отырып, әділет министрі ведомствоның келер жылға басым бағыттарын айқындап берді. Атап айтқанда, атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бағытында әлеуметтік қажетті санаттағы істердің (алимент, жалақы) орындалуын жеделдету тапсырылған. Сондай-ақ, министрлікпен Ведомстволық жоспар әзірленуде, оған сәйкес, келер жылы жеке сот орындаушыларының қолына 2016 жылдан бастап заңды тұлғалардың пайдасына тиесілі істерді тапсыру қарастырылған.

 

Аукцион қатысушыларының арасында Бірыңғай электронды сауда алаңы (БЭСА) кеңінен танылып жатыр. Электронды аукционда онлайн режимінде тұтқындалған мүлік сатылуда, бұл өз жағынан саудаға қатысы бар тұлғалардың ұйымдастырушылармен беттесу мүмкіндігін жояды.

 

Тағы да айтар жаңалық, ол сот орындаушының борышкердің тұтқындалған мүлкін өз бетінше бағалауы. Енді, бағалау жүргізу үшін бағалаушы маманның көмегіне жүгінудің қажеттілігі туындамайды, бұл өз жағынан уақыт пен қаражаттың жұмсалуын үнемдейді.

 

Бұдан басқа, Б. Әбдірайымның сөзінше, мемлекет әлеуметтік қажетті санаттағы, алимент және жалақыны өндіріп алу істеріне үлкен көңіл бөледі. Жыл басынан бері алимент тарапынан 229 мыңға жуық түскен атқарушылық істердің, 3 мыңдай құжатты сот орындаушыларымен толықтай аяқтап, ал жалақы өндірістері бойынша 5,5 мың істің ішіндегі барлығы 1 млрд. теңге құрайтын 3 мыңға жуығы толықтай шешілген. Сондай-ақ, б. ж. 10 айында әкімшілік айыппұлдардың жалпы саны 542 мыңнан астам істері 23 млрд. теңгені құрады. Оны өндіріп алу есебінен мемлекет қоржыны 8 млрд. теңгеге толықты. Бұдан тыс, уақытында төлемеген және төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің 356 көлігі тұтқындалды.

 

Сонымен бірге, сот орындаушылары жылдың басынан Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 524-бабы бойынша 2 359 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ал, 2013 жылы, бар болғаны 1 646 борышкер ғана әкімшілік түрде жазаланған көрінеді. Аталмыш көрсеткіштер сот орындаушыларының бұл бағытта жұмысты әлдеқайда күшейткенін айқындайды.

 

Сонымен қатар, әділет министрлігінің бастамасымен жаңадан «Атқарушылық өндіріс ісін өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде қозғау» мемлекеттік қызмет көрсету түрі 2015 жылдың соңынан бастап, республиканың барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға көрсетілетін болады.

 

 

 

ҚР Әділет министрлігінің

Сот актілерін орындау департаменті

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео