Жергілікті қамту жүйесі – экономикалық тұрақтылықтың негізі

8 декабря 2017 - Администратор
article15555.jpg

 

Күні кеше облыстық әкімдікте өңір басшысының орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың қатысуымен «Жергілікті қамту жүйесін тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық холдинг және компаниялар арқылы ұлғайту» тақырыбында конференция өтті. Оған республикалық және облыстық бірқатар кәсіпорындар мен компаниялардың басшылары қатысты.

 

Конференцияға төрағалық еткен Мейіржан Мырзалиев жергілікті қамту жүйесін дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, жуырда Арқалық қаласында өткен семинарда көтерілген мәселелерді атап, ондағы жеке бизнес ашуға ниеттенген халыққа көмек көрсетуге шақырды.

 

Аталмыш жиынға Еуропалық банк өкілдері, «Самрұқ Қазына Контракт» ЖШС, ССКБО, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Қазцинк» ЖШС, КДҚ «Даму» АО, облыстық кәсіпкерлер палатасы және де өзге де кәсіпорындар қатысты.

 

Конференция барысында облыстық компаниялар өздерінің атқарылған жұмыстары мен жеткен жетістіктерімен бөліссе, республикалық компаниялар өздері жайлы ақпарат бере отырып, өңірлік кәсіпорындағы серіктестікке шақырды.

 

Ақбота САҚҰЛОВА

суретті түсірген автор

Жалғасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев