Жастардан күтер үміт көп

9 марта 2016 - Веб-редактор
article9622.jpg

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қостанай облысының 80 және Шырақбек Қабылбаев атындағы облыстық академияның 45 жылдығына орай дәл осы оқу қабырғасында 5-6 наурыз аралығында үлкен спорт додасы өтті.

 

 

Қоян-қолтық ұрыстан ұйымдастырылған облыстық сайысқа спорт және дене шынықтыру басқармасы мен «Динамо» ДШСҚ кеңесінің белсенділері мұрындық болды. Ең басты мақсат – осы айда шырайлы Шымкент қаласында жалауын көтеретін Қазақстан Республикасының чемпионатына облыс намысын қорғайтын жас оғландарды іріктеу.

 

 

Турнирдің ашылу салтанатында ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы сөз алды: – Біздің ұжым, міне, жарты ғасырға жуық уақыт бойы қоғамдағы тәртіп пен тыныштықтың сақшыларын, құқық қорғаушыларды тәрбиелеумен жүйелі түрде айналысып келеді. Әр жылғы жетістіктерді айтсам, оның өзі біраз уақытты алардай. Барлықтарыңызға сәттілік! Тек мықтылар мен жүректілер ғана жеңіс тұғыранан көрінсін! – деп түйіндеді өз сөзін академия бастығы.

 

 

Жарысқа облыс орталығынан тыс, Жітіқара, Лисаков қалаларынан келген жетпістен астам спортшы қатысты. Бағы мен бабын сынай келгендерден бөлек, жекпе-жек, кудо және әскери қоян-қолтық ұрыс сынды спорт түрлерінің өкілдері жарысты сүйсіне тамашалады.

 


Сайыстың қортындысы туралы газетіміздің алдағы шығарылымында толық оқи аласыздар.

 

 

Нұрқанат НҮСІПХАН

суретті түсірген автор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео