Жарқыраған жас дарындар

16 апреля 2018 - Веб-редактор
article16490.jpg

 

 

Затобол ауданындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде облыстық «Шексіз балалық шақ» атты байқауының гала концерті өтті. Фестиваль елордасы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.

 

Дәстүрлі түрде өтетін сайыс биыл 16 рет ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі гала концертте фестивальдың үздік қатысшылары өнер көрсетті. Олар көрермен алдында өздерінің таланттарын ортаға салып, жиналған жұртшылықты тәнті етті.

 

– Қазіргі таңда мемлекет жастардың туған елге деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар, байқаулар мен концерттер өткізіп тұрады, – дейді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысының орынбасары Гүлнар Укина. – Осыған дәләл бола алатын жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Шексіз балалық шақ» атты облыстық байқауы. Аталмыш сайыс ата-аналарынан жетім қалған және де арнайы орындарда білім алатын талантты балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Фестивальдың 16 жылдығында 17 мыңға жуық өнерлі балалар өз таланттарын көрсетті. Олардың ішінде екі мыңға жуығы байқауда жеңімпаз болды. Ал республикалық «Жұлдызай» фестивалінде жүзге тарта дарын лауреат атанды.

 

 

Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл