Таеквондо турнирі Тобыл топырағында

29 марта 2016 - Веб-редактор
article9866.jpg

Өткен аптаның демалысында басталған республикалық турнир дүйсенбі күні аяқталды. Қ.Оспанов атындағы №1 БЖСМ қабырғасында жалауын көтерген додаға әр облыстан 360 спортшы қатысты. 2002-2004 жылдары туылған жас шеберлердің жарысы 10 салмақ дәрежесі бойынша өтті.

 


– Қостанай өңірі осындай ауқымдағы таеквондо спортынан турнирді алғашқы рет ұйымдастырып отыр, – дейді жарыстың бас төрешісі Ғалымжан Мырзагелдин. – Осы сайысқа әлемнің үш чемпионы қатысуда. Жарыс нәтижесінде іріктелгендер ел құрамасына өтіп, әлемдік додада өз бақтарын сынауға мүмкіндік алады.

 


Төселген үш даянгтың көлемі мен төрешілер құрамы, әр сайыстың ұзықтығы халықаралық шарттарға сай болды. Яғни, қарсыластарының қай-қайсысы болсын ұпай еншілеу үшін, әр соққысын 20 келіден кем түсірмеуі шарт. Өз кезегінде автоматты түрде есепке алынатын ұпайлар саны әділ түрде кімнің ұтқанын еш даусыз анықтап береді.

 


Сараптамалық мәліметтерге сүйенсек, Қостанай дәл осы спорт түрінен ел бойынша соңғы орында тұр. Жергілікті бапкерлердің айтуы бойынша, таеквондо мектептері облыс орталығында 2001 жылдан, Рудный қаласында 2005 жылдан бастап қалыптасқан. Ал, облыстық федерацияның құрылғанына үш-ақ жыл болған.

 


Тәжірибесі аз тобылдық таеквондо шеберлері ұлттық құрамаға ене алмады. Ал, жеңіс тұғырына көтерілгендерде Оңтүстік Кореяда қыркүйек айында өтетін халықаралық жарысқа жолдама алуға үміт бар. Әлемдік додаға баратын Қазақстанның ұлттық құрамасына 40 спортшы енбек.

 

 

Нұрқанат НҮСІПХАН
сурет ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев