Сенат депутаттары жұмыс сапарымен облысқа келді

23 апреля 2018 - Веб-редактор
article16537.jpg

 Бүгін Бірғаным Әйтімова бастаған ҚР Парламенті Сенаты әлеуметтік-мәдени даму және ғылым бойынша Комитетінің мүшелерінің Қостанай облысына кезекті іс-сапар жұмыстарының алғашқы күні өтті.

 

Сенаторлар іс-сапар барысында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жұмысын ресми түрде қалыптастыру үшін 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асырылуы жөнінде және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттердің орындалуына баса назар аударды.

 

Осыған орай халық қалаулылары «Қостанай облыстық ауруханасы» ҚМК және жұмыспен қамту орталығында болып, жұмыс барысымен танысып қайтты.

 

Облыстық аурухананың жай-күйіне көңілдері толған сенаторлар ақ халатты абзал жандардың басын қосып, жиналыс өткізді. Онда бүгіндегі денсаулық саласындағы өзгерістер, облысқа жақсы мамандардың тапшылығы және дәрігерлердің әлеуеті жөнінде сауалдар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

 

Ал жұмыспен қамту орталығында сенаторлар ондағы жұмыстардың жүргізілуі жолдарымен танысып қайтты.

 

 

Ақбота САҚҰЛОВА

суреттерді түсірген автор

Жалғасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев