Облыс әкімінің Денисов ауданына жұмыс сапары

2 июня 2017 - Веб-редактор
article13955.jpg

Ағымдағы жылғы 31-ші мамырда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Денисов ауданына жұмыс сапарымен барды.

 


Өңір басшысы жұмыс сапары барысында «Қарабұтақ-Қостанай» А-22 автомобиль жолының күрделі жөңдеу жұмысының барысымен танысты. Сондай-ақ, Денисовка ауылы аймағында аталған жол учаскесінде Тобыл өзені арқылы салынып жатқан көпірді қарады. Жобаның жалпы құны шамамен 6 млрд теңгені құрайды. Қостанай облысының әкімі аталған құрылыс объектілерін жылдам тапсыру үшін барлық күш-жігерлерін салуды тапсырды.

 


Одан әрі Архимед Мұхамбетов «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілген № 2 Денисов орта мектебінде болды. Алғашқы бөлінген 96 млн теңге қаражатына едендерді, терезелерді, есіктерді ауыстырумен мектеп ішіндегі жөңдеу жұмыстары жүргізілді. Одан соң, 142 млн теңге сомасында мектеп маңындағы аумақты абаттандырылды.

 


Алшан ауылында Қостанай облысы әкімін газ таратушы желілердің құрылысы туралы хабардар етті. Қосылатын объектілер саны - 169. Жоспарланып отырған тапсыру мерзімі 2017 жылғы 15-ші тамыз, өңір басшысы аталған өңірде абоненттердің көп еместігін атап өтіп, жұмысты ағымдағы жылғы шілде айында аяқтауды тапсырды. 

 

 

Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ
суреттер ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео