Наурыз – халықтық мейрам!

16 марта 2016 - Веб-редактор
article9752.jpg

Бүгін А.С. Пушкин атындағы балалар кітапханасында №2 мектеп-лицейінің және кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының балаларына арналған «Наурыз – халықтық мейрам» атты шара өтті.

 

 

Шараның басында кітапхана қызметкерлері жиналғандарға наурыз мерекесінің сыры мен мәні жайлы аз-кем ақпарат айтып, «Дәстүрді біл және құрметте!» атты көрмемен таныстырды. Сондай-ақ, мерекелік жиын болғандықтан, шашу да шашылып, балалардың көңілін бір серпілтті.

 


Мерекелік бастамада драмалық реңкте байқалды. Қыдыр ата дәстүр бойынша балаларға бата беріп, келе жатқан мейраммен құттықтады. Ұлыстың ұлы күнінің жақын қалғанынан хабардар еткендей жиналғандарға наурыз көжеден дәм тарту етілді.

 


Балалардың басын біріктірген мерекелік бас қосуға әр ұлттың жеткіншектері де келді. Өздерінің дәстүрлі кимдерін киіп, халықтарының ұлттық тағамдарымен таныстырды. Әрі әр ұлт пен ұлыстың көктем мерекесін қалай тойлайтыны хақында қызықты деректер айтты. Осылайша жасөспірімдер орыстың масленица, украинның сорока, өзбектің новруз сынды мерекелері жайлы жан-жақты ақпаратпен қанықты. Құр әңгімемен шектелмей, әр тілде керемет әндер орындалып, би биленді.

 


Кезекте балаларға қазақтың бесікке бөлеу және тұсау кесер сынды дәстүрлері көрсетілді. Жалғасында ұлттық балалар ойынының шарттары түсіндіріліп, жеткіншектер қызыққа батты. Осынау мерекелік жиын соңы қара жорға биімен шарықтау шегіне жетті.

 

 

Нұрқанат НҮСІПХАН
суреттерді түсірген Василий ВАСИЛЬЕВ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео