Намазхандар боз кілемде белдесті

26 марта 2018 - Администратор
article16295.jpg

Күні кеше қалалық «Сұңқар» спорт кешенінде Қостанай облысының Діни проблемаларды зерттеу орталығы, облыстық мешіт және «Социум & Мен» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен Наурыз мейрамын атап өтуге орай қазақ күресінен намазхандардың арасында жарыс өтті. Мұнда палуандар екі салмақ дәрежесінде (жетпіс келіге дейінгі және одан жоғары) кілемге шықты. Айта кетейік, бұл жолғы бәсекеге облыстың аудан-қалаларынан әуесқой спортшылар қатысты.

Тартысты жарыс нәтижесінде жетпіс келіге дейінгі салмақта жүлделі үшінші орынды Рүстем Құрамысов пен Медет Иманғалиевтер иеленсе, екінші орын Есболат Жұмабайға бұйырған. Аталмыш салмақтың бас жүлдесі Рудный мешітінен қатысқан Медеу Азнабаевтың қоржынында кетті. Жарыстың бас төрешісі Серік Дәрменбаев қырыққа келіп қалған палуаншы Медеу Азнабаевтың жылдамдығына тәнті екенін айтты.

 

 



Келесі салмақтың «қоласын» Мейрамбек Мұқанов пен Олжас Қожахметов қанжығасына байлады. Ақтық белдесуде Сәтжан Сиязов тәжірибелі Абай Әбдіркеновтен айласын асырды.

– Осы жарысты өткізудегі мақсатымыз жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу болған еді, – дейді «Социум & Мен» қоғамдық ұйымының төрағасы Марат Жұрқабаев. – Бұған дейін осы бағытта бірнеше облыстық жарыс ұйымдастырдық. Бүгінгі намазхан жігіттердің өнеріне көпшілік риза болды деп ойлаймын. Кейбірінің жасы үлкен палуандарға мәрттік танытып, жол бергендері де жарасымды. Аталмыш бәсеке жыл сайын өткізілетін болады.

Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев