Мобильдік кеңсе қызмет көрсетуде

14 мая 2018 - Веб-редактор
article16609.jpg

 2018 жылдың 5-ші мамырындағы жағдай бойынша «Мобильдік кеңсе» жобасы аясында Атырау облысында алты рет, Қостанай облысында төрт рет және Алматы облысында екі рет көшпелі шара өткізді. Бұл ретте 992 азаматқа зейнетақы қызметтері көрсетілді. Сонымен қатар, қор қызметкерлері ҚР зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша 520-дан астам адамға ақыл-кеңес берген.

            Есепті кезеңде тұрғындар тарапынан ең сұранысқа ие болған қызметтерді атап айтар болсақ, олар: жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде жаңа редакциядағы өтінішті беру, ЖЗШ-дан үзінді-көшірме беру, және деректемелерді өзгерту немесе толықтыру жөнінде өтініш қабылдау. Айта кетейік, электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті бар болса немесе Жеке кабинет қолжетімді болған жағдайда жоғарыда аталған операцияларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында онлайн тәртібінде жүзеге асыруға болады. Бұл сынақ жоба шалғай елді-мекендер, сондай-ақ қор бөлімшелері жоқ аудандарда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған болатын. Осы мақсатқа қолжеткізу үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға және шараларды жүзеге асыру жоспарына қол қойылды. Осы құжаттар аясында қазақстандық ұлттық пошта желісі операторының бөлімшелері арқылы қор бөлімшелері жоқ шалғай аудандарда зейнетақы қызметтері көрсетіледі.

 

Ақбота САҚҰЛОВА

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев