Мереке аталып өтті

22 сентября 2017 - Администратор
article14953.jpg

 

Бүгін Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда 22-ші қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

 

 

Концерттік бағдарлама Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы шеңберінде өтті. Онда әр өңір жылдағы жұмыстарын қорытындылап көрме ұйымдастырды. Және де облыс аудандарынан келген дарынды өнерпаздар ән айтып, би биледі. Кеште өңірде қазақ тілінің дамуына үлес қосып жүрген азамат пен азаматшалар марапатталды. Сахна төріндегі өнерпаздар әр түрлі тілде өнер көрсетті. Мерекелік концетті зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, студенттер және де өзге де адамдар тамашалай алды.


Ақбота САҚҰЛОВА

Суретті түсірген автор

comments powered by HyperComments

Видео

 

 

Комментарии