Көпшіліктің көңілінен шыққан думан

26 марта 2018 - Администратор
article16294.jpg

Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында 21-22 наурыз күндері облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрында ерекше қойылым өтті. «Бастаңғы» деп аталатын театрландырылған ұлттық шоу идеясы былтырғы жылы туындаған екен. Алайда, өткен жылы концерттік бағдарлама ретінде бастау алып, биыл жарасымды көрініске ұласқан. Алдағы уақытта «Бастаңғы» жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.

Қазақ халқында бұл атау кеңінен таныс. Үйдегі үлкендер өзге ауылға қонаққа кеткенде ауылдың жастары бір үйге жиналып, ойын-сауық құратын дәстүр бар. Ол – «Бастаңғы» деп аталған екен. Міне, осы ежелден ұмыт қалған ойын-сауық думанын қайта жаңғыртуға облыстық мәдениет басқармасы мұрындық болыпты.
 

 


Театрландырылған көрініс қазақтың киіз үйінде наурыз думанын атап өтуге дайындық жүргізіп жатқан отбасы аясында бастау алады. Үйдің үлкендерінің көрші ауылға қонаққа кеткелі жатқандықтарын пайдаланып, қара шаңырақ кенжесі жеңгесінен рұқсат сұрап достарын шақырып, ойын-сайын құруды ойлайды. Жеңгесі де қайнысының сөзін құп алып, дастархан әзірлеуге кіріседі. Осылайша, жастар бір шаңырақ астында бас қосып, ән айтып, би билеп, бар өнерлерін ортаға салады.

Көпшіліктің көңілінен шыққан жобада қызықты сәттер де болды. Ол қазақтың дәстүрі бойынша залда отырған ер-азаматтардың күшін сынау мақсатында өткізілген «жілік сындыру» сайысы. Сонымен қатар, облысқа атағы шыққан жас сиқыршы баланың өнері де назардан тыс қалмады. Жиналған халық көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев