Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күнімен!

12 ноября 2015 - Веб-редактор
article8440.jpg

Құрметті ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп еңбеккерлері!

Облыстың агроөнеркәсіп саласының барша мамандарын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.


Бұл мереке жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың басын қосады.


Бар қиындықтарға және күрделі ауа-райы-климаттық жағдайларына қарамастан, қостанайлық диқандар асқан шеберлік пен біліктіліктің, биік рух пен сенімнің арқасында толайым табыстарға қол жеткізді.


Биылғы жылы әр гектардан 12,4 центнер көлеміндегі орташа шығымдылықпен 5 млн. тоннадан астам бидай қамбаға құйылды. Бұл республикада жиналған барлық бидай көлемінің ширек бөлігін құрайды.


Көкөніс өндірушілер облыс халқын картоп және көкөністермен толық қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылық маусымын абыроймен аяқтады.


Бүгінде мал шаруашылығы саласының жұмыскерлері де оң көрсеткішткерге қол жеткізіп отыр. Мал мен құстың саны артып, мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісі ұлғайды.
Бидай, ет, сүт, майлы дақылдарды өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде.


Алайда, ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті мұнымен шектелмек емес.


Мемлекет тарапынан бөлінетін үздіксіз қолдау шаралары жаңа жетістіктерге қол жеткізу үшін мүмкіндіктер туғызып отыр. Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің кәсіби шеберлігі, табандылығы мен өз ісіне деген адалдығы ең жоғарғы құрмет пен қошеметке лайық.


Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері мен озаттарына адал және өлшеусіз еңбегі үшін шынайы алғысымды білдіремін.

 

Құрметті қостанайлықтар!


Ауылда еңбек ететін жандардың барлығына зор денсаулық, отбасыларына береке мен молшылық, тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жасап жатқан еңбектеріне табыс тілеймін!

 


Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев