Арқалыққа жаңа әкім тағайындалды

4 июля 2018 - Веб-редактор
article17022.jpg

 Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк Арқалық қаласына барып, жергілікті мәслихат депутаттарының келісімімен жаңа әкімді тағайындады. Бұл қызметке Эльдар Күзенбаев Қонысбайұлы келді. 

Ол 1982 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2002 жылы заңгер мамандығы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін және 2005 жылы қаржыгер мамандығына сәйкес М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген. Әр жылдарда Қостанай облысының Заң департаментінде басқарма басшысы, Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. Бұған дейін ол Сарыкөл ауданы әкімі қызметін атқарған болатын.

 

-Арқалықтың қазіргі аяқ алысы қуантады. Алда жоспар көп. Соңғы екі жылыдң ішінде атқарылған шаруа аз емес, түрлі рухани-мәдени шарлар өтті. Міне, жақын күндері ет комбинаты іске қосылмақ. Сол себепті, Эльдар Қонысбайұлы, әлеуеті артып, Арқалық қайта жанданып келе жатыр. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ерекше назарда ұстайды бұл аймақтың тынысын. Сондықтан, Арқалықты қайта түлетуге зор үлес қосасыз деп ойлаймын,-деді облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк.

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев