Ғылыми конференция өтті

13 апреля 2018 - Веб-редактор
article16482.jpg

Күні кеше М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік экономикалық университетінде «Болашаққа ғылыми көзқарас – қоғамдық сананы модернизациялау тәсілі ретінде» тақырыбында «Дулатов оқулары – 2018» Х Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

 

Аталмыш конференцияны Қостанай облыстық әкімдік, Орал, Челябинск, Моска қалаларының жоғары оқу орындары ұйымдастырған.

 

Конференцияға ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің интеграциясы бойынша мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдар өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар, университеттің студенттері, магистранттары мен оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Іс-шара мақсаты – мемлекеттің жаңа экономикалық өрлеуінің негізі ретінде елдің индустрияландыруындағы ғылымның бағыттары мен келешегін талқылау. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын насихаттау. Білім берудің жаңа сапасы - кәсіпкерлік мекемесі, сондай-ақ оқыту мазмұны бар жоғары білімді толтыру бойынша тәжірибе алмасу болып отыр.

 

Ашылу барысында М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-нің ректоры, экономикалық ғылым докторы Сәбит Есмуратов, «Қостанай облыстық әкімдіктің мәдениет басқармасы» ММ басшысының орынбасары Сәуле Азимжанова және өзге де профессорлар әртүрлі тақырыпта баяндама оқыды.

 

Кейін конференция үш секцияда жалғасын тапты. Оның алғашқысы техникалық, экономикалық, биологиялық ғылымдарға арналды.

 

 

Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл