«Кейкі батыр» атты республикалық ақындар мүшайрасының ережесі

17 мая 2017 - Веб-редактор
article13802.jpg

Мақсаты: Халық батырын дәріптеп, ерлік ісін келешек ұрпаққа насихаттау. Елі мен жері үшін жанын пида еткен батырды кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру. Талантты жандардың ақындық қабілетін шыңдап, өз шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беру.

 

 

Байқаудың шарттары:


- Шығарылған өлеңдердің көлемі 15 шумақтан кем болмауы тиіс;
- Шығарылған өлең жолдары, автордың толық аты-жөні және өзі туралы қысқаша мәлімет фотосуретімен, байланыс телефондары компьютерде 14-өлшемді (Microsoft Word – Times New Roman) әріптерімен теріліп, электронды және қағаз нұсқада жолданылуы тиіс.
- Байқауға 16 жастан жоғары үміткерлер қатыса алады. Байқау республикалық деңгейде өткізіледі.

 

Байқауды ұйымдастырушылар: Амангелді ауданы әкімдігі, «Амангелді» қоғамдық қоры.

 

Байқауға материалдар 2017 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.

 

Байқау жеңімпаздарын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылады. Комиссия келіп түскен материалдарды жан-жақты қарап, өлең мазмұнына баса назар аударып, үздік деп танылған өлеңдерді іріктеп алады.

 

Қорытынды іс-шара 2017 жылдың шілде айының ІІ онкүндігінде өткізіледі.

 

Байқауға қатысушылар арнайы дипломмен марапатталады, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етіледі:


І орын – 300 000 теңге;
ІІ орын – 200 000 теңге;
ІІІ орын – 100 000 теңге.

 

Барлық байқауға қатысушылардың өлеңдерінен арнайы жинақ шығарылып, жинақ Кейкі батырдың сүйегін жерлеу бойынша өткізілетін іс-шара қатысушыларына таратылатын болады.

 

Қатысушылардың сұраныстары 2017 жылдың 20 маусымына дейін Амангелді ауданының Ішкі саясат бөліміне пошталық мекенжай бойынша (Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Б. Майлин көшесі, 14 үй, 110200 инд) немесе электронды мекен-жайына жолдануы тиіс.

 

Қосымша мәліметтерді 8(71440) 22020 телефон нөмеріне хабарласу арқылы біле аласыздар.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев