Жақсы адамға – жақсы құрмет

18 сентября 2014 - Веб-редактор

Жангелдин ауданында көп жылдан бері пошта саласында және байланыс торабында абыройлы қызмет жасап жүрген Қапаров Серік Қабденұлы республикалық арнаулы байланыс қызметінің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында, адал еңбегі мен жұмыста көрсеткен кәсіби біліктілігі, жоғары жетістіктері үшін «Қазпочта» АҚ облыстық басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен және арнайы төсбелгісімен марапатталды.

 

Тынымсыз еңбегі мен өзіне жүктеген жауапты қызметін тиянақты атқаратын Серік Қабденұлын аудан орталығында білмейтіндер кемде-кем. Оны жұртшылық адамгершілігі мол, қамқоршы аға, жақсы азамат ретінде таниды.
comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео