Жігіттер сайысы

2 апреля 2015 - Веб-редактор

Қарабалық тілдерді оқыту орталығы халық арасынан өнерлі, ақылды жігіттерді іріктеп, оларды жұртшылыққа таныстыру, ұлттық өнерді, салт-дәстүрді, тіліміз бен ділімізді өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ер азамат ел алдында сыналар» байқауын өткізді.

Байқау шымылдығын «Алға, қазақ жігіттері» әнімен ашылып, жігіттерге рух берді. «Таныстырсам өзімді», «Күш атасын танымас», «Сегіз қырлы, бір сырлы» және «Жігітке жеті өнер де аз» деген төрт кезеңде әр үміткер барын салып бақты. Жігіттердің бірі өнерімен, бірі шымырлығымен, бірі тапқырлығымен көзге түсіп жатты. Қазылардың шешімімен әр жігіт аталымдар бойынша марапатталды. «Шешен жігіт» номинациясын №2 А.Құнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебінің мұғалімі Е.Аманжолов жеңіп алса, «Жігерлі жігіт» атағы Новостройка орта мектебінің мұғалімі М.Саматовқа, «Сері жігіт» Қарабалық әртісі Р.Айтуковқа, «Епті жігіт» Қазақстан агротехникалық колледжінің студенті Е.Кенжебаевқа берілді. Аталған оқу орнының студенті Ә.Қуанышбек «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» номинациясына ие болды. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар үлестірілді.

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео