Ыбырай мектебіне – 150 жыл

27 ноября 2014 - Веб-редактор

Қазақ даласында алғаш ашылған Торғайдағы Ы.Алтынсарин мектебіне биыл 150 жыл толып отыр.

 

Осыған орай аудан көлемінде ауқымды іс-шаралар жыл басынан беріп өткізіліп келеді. Жақында республикамыздың түпкір-түкпірінен ғалымдар, ақын-жазушылар жиналып, ғылыми конференция өткізді. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары драматург Ақылбек Шаяхметтің «Таза бұлақ» спектаклін мәртебелі меймандар назарына ұсынды. Бас кейіпкерді Ыбырай ата атындағы мектептің мұғалімі Қанат Досмақов сомдады. 

 

Екі күнге созылған мерекелік жиында ат бәйгесі, қазақ күресінен жарыс өтті. Түйе палуандар бәсекесінде Ғабит Балғынбаев жеңімпаз атанды. Ы.Алтынсарин мектебінің 1972 жылғы түлегі, қазіргі таңда Ұлттық Банктің Қостанайдағы филиалының директоры Мираш Жұмашев демеушілік жасап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлық тапсырды.
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео