Тіл – барлық білімнің кілті

15 мая 2014 - Веб-редактор

Әулиекөл ауданы әкімдігінің аудандық тілдерді оқыту орталығында 16-22 жас аралығындағы қазақ тілін білетін орыс жастары мен орыс тілін жақсы меңгерген қазақ жастары арасында «Тіл – барлық білімнің кілті» атты байқау болып өтті.

Жарыс жастарды толеранттылыққа тәрбиелеуді, шығармашылық қабілеттерін жандандыруды, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыруды мақсат тұтты. Байқауға Ш.Уәлиханов атындағы №2 орта мектептің 10 сынып оқушылары, атап айтсақ: Айым Нұржанова, Лаура Файзоллаева, Айжан Төлепбергенова және ауылшаруашылық колледжінің 1 курс студенті Инга Михель қатысты. Қатысушылар қазақ және орыс тілдеріндегі тест жұмыстары, мәтін аудару, викториналық сұрақтарға жауап беру сияқты әртүрлі тапсырмаларды ойдағыдай орындады. «Шабыт жұлдызы» атты кезеңде орыс жастары қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыса, қазақ жастары орыс әншілерінің әндерін нақышына келтіре шырқады. Мың бұралған биші қыз Айым көрермендерге өзбек биін тарту етті.
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Гүлшат Шалдыбаеваның айтуынша, байқауда жастар тілдерді жеткілікті деңгейде меңгергенін көрсете білді.   
 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео