Салауаттылық – нұрлы болашақ

4 апреля 2014 - Веб-редактор

Аудандық орталық балалар кітапханасында «Салауаттылық – нұрлы болашақ»  атты танымдық сайыс өткізілді. Іс-шарада оқушылардан құралған «Тазалық» және «Денсаулық» топтары сайысқа түсті.

Сайыс шарты бес кезеңнен тұрды. Барлық кезеңнен мүдірмей өткен «Денсаулық» тобы жеңімпаз атанды. Сайысты тамашалуға мектеп оқушылары мен жас мамандар қатысты. Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Шараны өткізушілер жас ұрпаққа осыны терең түсіндіруге тырысты.

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео