Сәті түскен кездесу

3 марта 2016 - Веб-редактор

Жангелдин аудандық ардагерлер үйінде еңбек ардагерлері мен жас ұстаздар қауымы «Ұрпақ сабақтасығы» атты дөңгелек үстел басында сыр – сұхбат құрып, пікір алысты.

 

 

Аудандық ардагерлер үйінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетұлы кешегі кеңес дәуірінің тұсында бастан кешкен қиындықтарды әңгімесіне арқау етіп, жастармен ой бөлісті. Жас буын өкілдеріне еңбектің бейнеті мен зейнеті туралы айта отырып, маңдай термен тапқан жемістің қашанда дәмі тәтті болатындығын тілге тиек етті.

 

 

Нүретден Молдабеков қажы жастар өздерінің болашақтарына немқұрайлы қарамау керектігін айта келіп, аудан экономикасына үлес қосу үшін кәсіппен айналысып, есепсіз еңбек етуге шақырды. Ардагерлерімізге жастар тарапынан ұсыныс – пікірлер айтылды. Осындай тағылымды бас қосу үнемі жалғасын тауып отырса игі.

 

 

Жастар туған жердің тарихын, кешегі өткен еңбек ардагерлерінің қызмет жолдарымен етене таныс болу үшін жиі кездесулер ұйымдастырылса деген ұсыныстар айтылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео