Портретті кеш

27 февраля 2014 - Веб-редактор

Қазақ әдебиетінің бай қазынасына өзіне тән өрнекті сөз, өрелі  туынды қалдырып, орасан зор шығармашылық, ерен еңбегімен елеулі үлес қосқан халық жазушысы ақын, драматург қаламгерлеріміздің бірі Әбділда Тәжібаев екені баршамызға аян.

 

«Ақынын ардақтаған елі азбайды» деген. Біз дуалы ауыз ақынын төбесіне қойып әлпештеп, құрмет тұтқан елміз. Осы мақсатта Аманкелді аудандық балалар кітапханасында «Алып ғасырдың ақып ақыны» атты тақырыпта портретті кеште ортаға ақынның үлкен портреті ілініп, «Ақын жыры азамат сыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Портретті кеште ақынның өмірбаяны мен еңбек жолына кең көлемде тоқталып, мәнерлеп оқудан оқушылар көрермен ықыласына бөленді. Дастандарынан, пьесаларынан үзінділер оқылды. 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео