Мерейлі мереке марапаты

8 мая 2015 - Веб-редактор

Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде тыл ардагерлеріне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиында Жангелдин ауданының әкімі Асқарбек Кенжеғарин Жеңісті жақындату үшін аянбай тер төккен, соғыстан кейін де елімізді гүлдендіруге атсалысқан тыл ардагерлерін алдағы мерейлі мерекемен құттықтады. Тілек-лебізін жеткізген соң, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті. Тыл ардагерлерінің атынан сөз алған Жұмақан Садуақасов соғыс жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдерді бір сәт еске алып, ендігі жас ұрпақтың бейбіт өмірде ынтымағы жарасып, ғұмыр кеше берулеріне тілектестігін білдірді. Салтанатты жиын соңы меркелік концертке жалғасты.

comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео