Дұрыс жолды нұсқады

19 сентября 2013 - Веб-редактор

«Ғаламтордың зияны мен пайдасы». №2 Ұзынкөл орта мектебінде өткен ток-шоу осы тақырыпты сарапқа салды.

 

Қатысушылар – ұстаздар, мектеп оқушылары және шақырылған қонақтар. Пікірталастың мақсаты – интернеттің адамға пайдасы мен зиянын анықтай отырып, оқушыларға зиянды жақтарын ашып түсіндіру. Ток-шоудың жетекшісі Ш.Едышева қазіргі ақпарат ағыны туралы айтып, ашық пікір алаңының шарттарымен таныстырды. Жиналған қауым «Жақтаушылар» және «Даттаушылар» тобына бөлініп, тақырыптың мазмұнын аша түсті. Жақтаушы оқушылар тобы ғаламтордың пайдасын айтса, даттаушы жақ зиянды әсерлерін баяндады. Сарапшылар қос тараптың көзқарастарын тыңдап, сараптама жасап отырды. Пікірталас барысында мектеп басшысы А.Амрина балаларға ғаламторды тиімді пайдалану жөнінде бірнеше ұсыныстарын жеткізді. Орталық ауруханадан келген ақ халаттылар да компьютерді қолдану ережелері бойынша кеңес берді. Аға буын мен мамандар ақылына құлақ асқан балғындар интернетті қолданғанда оның зиянын да ескеретіндіктеріне сендірді. 

comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео