Белсенді насихат – берекемізге сеп

21 ноября 2013 - Веб-редактор

Жангелдин ауданы әкімдігі жанынан терроризмге қарсы комиссия құрылған болатын.

 

Комиссия аудан көлемінде діни сауаттылықты арттыру үшін ақпараттық насихат жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Жақында Жангелдин ауданы әкімі әрі комиссия төрағасының тапсырмасына сәйкес, ақпараттық насихат тобы бірқатар елді мекендерді аралады. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алма Әбішева мен Оспан қожа мешітінің бас имамы Аян Хасенов бастаған үгітшілер Қарасу, Ақкөл, Аралбай және Көкалат елді мекендерінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Онда Алма Сапарқызы терроризм жайлы лекция оқып, жастарды басқа дін жетегіне ермеуге шақырды. Ал, Аян Сәбитбекұлы дәстүрлі дін мен діни ағымдардың айырмашылығы жөнінде түсініктеме берді.

 

«Қатерлі джихадизм» атты фильм де ауыл тұрғындарының санасына салмақты ой салғаны анық.
 
– Діни бүлікшілердің негізгі мақ­саты халық арасына жік түсіріп, қырық бөлікке бөлу екенін кез ке­лген адам біле бермейді. Солардың соңында адасып жүргендер бар. Секталар мен түр­лі діни ағымдардың ақпары өршіп кеткені жасырын емес. Ендігі таңда халықтың діни сауаттылығын арттырып, экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіре бермекпіз, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.
 
comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео