Білімнің қайнары

7 апреля 2016 - Веб-редактор

Халықаралық балалар әдебиеті күніне орай, Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы «Білім көзі кітапта» атты викториналық ойын сайысын өткізді.

 

 

Сайысқа мектеп оқушылары атсалысып, 4 кезеңнен тұратын бөлімде өздерінің жылдамдығын, алғырлығын көрсете білді. Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 6-сынып оқушысы Қаламқас Жұмағұл І-орынды жеңіп алды. Сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға салтанатты түрде мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды. Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші – білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттыруымыз қажет. Болашақ жастардың қолында. Ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине кітаптан. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео