Аудан ардагерлері батыр баба рухына тағзым етті

27 ноября 2015 - Веб-редактор

Қазақ хандығының 550 жылдық құрметіне орай аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин бастаған аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин, аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров, аудандық соттың төрағасы Сабыр Тәжкенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов, Торғай ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жылқыбай Бәкіров, Сужарған ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенбай Ғабдуахитов, «Оспанқожа әулие» мешітінің бас имамы Аян Хасенов және еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері Әбілқайыр ханның кесенесіне барып құран бағыштап, батыр баба рухына тағзым етті.


Бұдан кейін олар Амангелді ауылдық округі мен Ақшығанақ ауылдық округінің бірлесіп тіккен киіз үйінен дәм татты. Дастархан басы батыр баба жайлы тағылымы мол тарихи әңгімелерге толы болды. Сужарған ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенбай Ғабдуахитов пен ауданымыздың құрметті азаматы Қабжәлел қажы Әлібек қазынасы шежіре – тарих пен тоғысқан қарттарға рухани демалыс сыйлаған аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді.

comments powered by HyperComments

Видео

 

 

Комментарии