Алаш алыптары

6 мая 2014 - Веб-редактор

Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Жарық дүниеге бір жылда келіп, бір жылда атылып кеткен қазақтың үш арысы Ілияс, Сәкен, Бейімбеттің туғанына биыл – 120 жыл толуына орай, аудандық балалар кітапханасы «Алаш алыптары» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, шығармашылықтарына шолу жасалды. Көрме ақындардың өмірбаянынан, еңбек жолынан сыр шертті. «Тілші», «Құлагер», «Көкшетау», «Шұғаның белгісі», тағы басқа өлеңдері мен поэмаларын оқушылар мәнерлеп оқыды.

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео