Адал еңбек абыройға бөлейді

23 января 2014 - Веб-редактор

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Ауылдық жердегі жеке кәсіпті дамыту» атты екінші бағытының арқасында өз меншік иесін құрып жатқан халықтың әлеуметтік жағынан көтерілуіне мүмкіндік бар.

Тортты дайындап, пісірудің де өз өнері бар екеніне ешкімнің таласы жоқ. Осы өнерді бойына дарытқан аудан тұрғыны – Арутюнян Реник Роландовна (суретте). Бала кезінен ас үйден шықпайтын Реник Роландовна қазірде дәмді тағамдар пісіріп, жақындарын қуантуда. Себебі, сүйіспеншілікпен пісірген тәттілері тіл үйіреді. Ауылдардан да арнайы келіп тапсырыс беріп, Реник Роландовнаның шынайы ықыласымен дайындайтын торттарын, тоқаштарын, тәттілерін қызығушылықпен алып жатады. 

– Президенттің жүргізген сындарлы саясатының арқасында халықтың тұрмысы жақсарып, табысты еңбек етуде деп ойлаймын, – деді Реник Арутюнян сөз соңында. – Ауылда тұрған соң бізге беріліп жатқан мүмкіндікті пайдалану керек. Заман көшінен кейін қалуға болмайды. 
 
comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео