Ақысын төлесең, қоқысың шығарылады

27 февраля 2014 - Веб-редактор

Май ауылындағы көше тазалығы көпшіліктің біраз талқысын түскен. Біреулер тұрғындардың өздерін кінәласа, екіншілері «жергілікті атқамінерлер бейқам» дегенді айтады. Ауыл әкімі Олег Вислобоков қоқыс салатын арнайы жәшіктер қарастырылмағанын алға тартып отыр. Бірақ мәселенің негізі мәнісі ол емес. Бұл іске «Тарановец» МКК тартылған. Ауыл тұрғындары аталған қоқыс шығарушы мекеменің қызметі үшін айына 100 теңгеден төлейді. Жұртшылық сейсенбі және жұма күндері белгіленген жерге қоқыстарын жинайды екен. Жұмыс жүйеленген болса, неліктен қоқыс екі аптадай жиналмаған? Сауалға «Тарановец» МКК басшысының міндетін атқарушы Иван Кузьмин былай деп жауап береді: «Тұрғындар уақытында ақша жинамағандықтан, қоқыстың шығарылмағаны рас. Кейін ауа райының қолайсыздығы мен трактордың істен шығуы кедергі болды. Алайда, мәселелер шешіліп, көше бойы қоқыстан тазартылуда». Ауылдықтарды бұл жауап қанағаттандырған сыңайлы. Алдағы кезеңде мұндай кемшіліктің қайталанбасына сеніп отыр. 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео