Ақиық ақынның рухына арналды

11 февраля 2016 - Веб-редактор

М.Мақатаевтың туғанына биыл 85 жыл толып отыр.

 

Осы айтулы мерекеге орай, аудан, ауыл мектеп оқушылары арасында Амангелді ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімі мен орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Мұқағали оқулары» сайысы өткізілді. Байқаудың мақсаты – М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру  және жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

 

 

Төрелік жасаған әділ қазылар шешімі негізінде, «Менің пірім – Мұқағали» – ақынның өлеңін мәнерлеп оқу сайысында I-орынды А.Нұрманов орта мектебінің оқушысы Нұрдана Тұрысбек иеленсе, II және III-орын Жаңауыл орта мектебінің оқушысы Талшын Хайролла мен Амантоғай орта мектебінің оқушысы Сырым Үсенбайға бұйырды. Жеңімпаздар мен сайысқа қатысушылар арнайы дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео