«Жалын» жастармен бірге

12 марта 2015 - Веб-редактор

 «Жалын» жастар қоғамдық бірлестігі Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде «Туған өлкем – Торғайым» атты аудандық форум ұйымдастырды.

 

Форум барысында аталмыш бірлестіктің алдағы уақытта аудан жастарымен бірлесе отырып атқарылатын жұмыстары мен міндеттері айқындалды. Қоғамдық ұйым жетекшісі Гүлсезім Айбатқызы жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізілетін іс-шаралармен таныстырды. Аудан жастарының атынан Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Арайлым Қыпшақбаева сөз алды. Ол замандастарын патриотизмге шақырды. Жалынды сөздерді аудан әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров қуаттады. Жастар мерекелік шараларға белсене атсалысып, тың ойларын ортаға салса деген тілегін де жеткізді. Қоғамдық жұмыстарға араласып жүрген қыз-жігіттерге Жангелдин ауданы әкімінің алғыс хаттары берілді.

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев