«Тілім барда айтылар сыр ойдағы»

22 мая 2014 - Веб-редактор

Степняк ауылдық кітапханасында 13 мамыр күні оқушылар арасында «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты өлең-жарыс өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік тіл туралы айтып, қоғамдағы алатын орнын, мәртебесі жайлы ойларын тереңдету, қазақ тілінде сауатты сөйлеуге, ойын ашық айтуды, тіл байлығын дамытуға тәрбиелеу. Тіл туралы тағылымдар арқылы жасөспірімдер адамгершілік қасиеттерді, еліміздің егемендігін танытатын тілі мен өнері екенін ұғынады. Өлең, тақпақ арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңейеді. Іс-шараға сегіз оқушы қатысып, Абай, Мағжан, Мұхтар аталарымыздың өлеңдерін жатқа оқыды. Ерекше әсер қалдырған – өзге ұлттың баласы, 6-сынып оқушысы Авсиевич Татьяна Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» атты өлеңін мәнерлеп оқығаны. Сонымен қатар 5-сынып оқушысы Құрманғали Олжас Тұманбай Молдағалиевтың «Ана тілі» атты өлеңін жатқа оқыды. Жарыста ерекше көзге түскен оқушылар дипломдармен марапатталды.
 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео