«Ұстаз бен шәкірт» озды

18 декабря 2014 - Веб-редактор

Жақында Рудный индустриялық институты ректорының кубогы үшін ашық облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

 

Турнирге Қостанай, Арқалық, Рудный қалаларынан 24 команда қатысты. Бұл турнирге Әулиекөл ауданының намысын қорғауға №28 Құсмұрын орта мектебінің «Шоқан шәкірттері» ғылыми-интеллектуалды клубынан екі команда барды. Жетекші Қанат Әлімбаев пен клуб мүшесі Рустам Қарсақов «Ұстаз бен шәкірт» командасы болып қатысса, клуб мүшелері Зарина Үдербаева мен Саят Жүнісов «Шоқан шәкірттері» командасының туын нық ұстады. Турнир қорытындысы бойынша, «Шоқан шәкірттері» ширек финалға дейін жетіп, үздік сегіз команда қатарына кірсе, «Ұстаз бен шәкірт» командасы І-орынға ие болып, кубокты жеңіп алды.

comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео