Ән әлемінің аққуы

12 декабря 2013 - Веб-редактор

Талай-талай дарынды ұл-қыздарын өмірге әкелген қасиетті Аманкелді  топырағының  таланттар көші сиремек емес.

Саналы ғұмырын сахнаға арнап,табиғат берген сұлу даусымен әншілік өнердің даңғыл жолында  жүріп келе жатқан  бірегей әнші Ғазиза Жұмекенованың балалық шағы Байғабыл ауылында өтті. Әкесі Жұмекен мектепте ұзақ жыл ұстаздық қызмет атқарып, балаларының өмірде де өнерде өз орындарын табуларына айтарлықтай ықпал еткен кісі. Әке салған сара жолмен еңбек жолын орта мектепте ұстаз болып  еңбек жолын бастаған Ғазиза уақыт өте ән әлеміне қанат қақты. Бүгінде Кенжебек Күмісбеков атындағы Ақмола облыстық филармониясының қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің әншісі Ғазиза Жұмекенқызының кезекті сапары туған ауылынан басталды. Әсерлі әнге сусындаған қалың көпшілік өнерпаз қыздарына өз қошеметтерін аянып қалмады. Желтоқсанның алғашқы күндеріне жоспарланған концерт аудандық Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде жалғасты. Мұнда аудан әкімі Жансұлтан Қоңыртайұлы  әншіні құттықтап аудан халқы атынан сый-сияпат көрсетті. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі  Ғазиза есімі бүгінде қазақ жұртына  кеңінен мәлім. «Ғазиза-әншінің ақиық асылы, жезтаңдайы,гәкку үндісі» деп Кеңес Одағының халық әртісі,қоғам қайраткері, сазгер Еркеғали Рахмадиев баға берген ән әлемінің аққуы өз жерлестерін тағы да бір тәнті етті.

comments powered by HyperComments

Видео

 

 

Комментарии