«Ер қадірін – ел білер»

15 мая 2014 - Веб-редактор

1941-1945 жылдар арасында болған Ұлы Отан соғысы қазақ халқына ауыр зардабын тигізді.

 

Осы оқиғаға орай Амангелді аудандық балалар кітапханасы «Ер қадірін – ел білер» атты ерлік сағатын «Жұпар», «Балдырған», «Қаламқас» балабақшаларында, сонымен қатар орталық кітапханада ұйымдастырды. Мектеп оқушылары іс-шараға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.


Бұл іс-шараны өткізудің мақсаты Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, батырлардың өмірі үлгісінде тәрбиелеу.
 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео