«Ғажайып әжелер»

19 марта 2015 - Веб-редактор
article6249.jpg

Қазақ халқының табиғат-анамен үндес тіршілік кеше отырып қалыптастырған салт-дәстүрі – «адамгершілік» деп аталатын ұлы ұғымның алтын қазығы. Алтын қазықтан адаспай, бетті соған бұрғанда ғана елдіктің іргесі бекіп, адам атты асқақтай түсетін қазақ елінің өткен өмір жолы дәлелдеп берді. 

 

Салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында Қ.Әбенов атындағы мәде-ниет үйінде Амангелді аудандық ардагерлер кеңесі мен аудан-дық балалар кітапханасы бірігіп «Ғажайып әжелер» атты сайыс өткізді.
 
Сайыстың мақсаты: халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық асыл мұрасын, отбасылық тұрмыс-салтын, жақсы үлгі-өнегесін, ізгілікті сән-салтанатын, кіші мен үлкенді сыйлауды, мейірімділік, парасаттылық сияқты қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Сайысқа бес әже қатысып, өздерінің өнерлерін, шеберліктерін көрсете білді. Бірінші орынды алған Тұрсынкүл әже Әбдірова – Байғабыл ауылынан, екінші орынды иеленген Бөдеш әже Баймұханова – аудан орталығынан, үшінші жүлдегер Гүлсім әже Ахметова – Ке-мер ауылынан. Үкі әже Төлекбаева – «Шебер әже» атағын иеленсе, Тілеукен әже Өтекенова «Биші әже» атағын алды. Кеш соңында сайыскерлерге сыйлықтар беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео