«Қазақ хандығына –550 жыл»

19 февраля 2015 - Веб-редактор

Аманкелді аудандық орталық кітапханасы «Қазақ хандығына – 550 жыл» атты тұрақты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – бүгінгі жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыра отырып, олардың тарихты терең ұғынуына ықпал етіп, қызығушылықтарын арттыру. Көрмені мектеп оқушылары мен ұстаздар тамашалады. Кітапханашы қазақ хандығының құрылуы, ел билеген хандары, нығаюы және бекуі жөнінде қысқаша мағлұмат беріп өтті. «Қазақ хандығының тарихы», «Қазақ жерінің 100 аңызы», Қ.Әбуевтың «Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен», Ж.Қасымбаевтың «Кенесары хан» атты еңбектері, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» шығармасы және басқа да етжеңді туындылар мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген тарихи зерттеулер оқырмандар назарына ұсынылды.

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео